×

«Біз одан айырылып қалдық»: Түркияда зілзалада із-түзсіз кеткен Мирболат Құрмашевтің денесі табылды

Мирболат Құрмашевтің денесін біздің құтқарушылар үйінді астынан алып шыққан

«Біз одан айырылып қалдық»: Түркияда зілзалада із-түзсіз кеткен Мирболат Құрмашевтің денесі табылды
ашық дереккөзден

Түркияда жоғалған қазақстандық Мирболат Құрмашевтің денесі табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл жайында Түркияның Хатай қаласында жер сілкінісінен кейін хабар-ошарсыз кеткен қазақстандықтарды іздеуге аттанған бастамашыл топ Telegram парақшасында мәлімдеді.

«Біз одан айырылып қалдық», деп жазылған хабарламада.

Мирболат Құрмашевтің денесін біздің құтқарушылар үйінді астынан алып шыққан.

«Түркияның Хатай провинциясындағы толығымен қираған ғимараттан қазақстандық құтқарушылардың күшімен екінші қазақстандықтың денесі шығарылды. Үйінді жағдайындағы қозғалыс кезінде іздестіру барысында құтқарушылар алдын ала белгіленген іздестіру орнына жету үшін барынша жедел түрде арнайы ойық жасады. Құтқарушылар кішкентай бос орындар арқылы ойықтың ішіне кірді. Бұл ретте құтқарушылар құрылымдық элементтер қайта құламас үшін тосқауылда кішкентай саңылау жасауға тырысты, үйіндіде қауіпті учаскелерді бекітті, үйінді бөлшектерін көтеріп, жылжытты», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Бұдан бұрын Түркияда жер сілкінісінен кейін 4 қазақстандықтың жоғалып кеткенін жазған едік

Qaz365.kz тілшісі бұған дейін Мирболат Құрмашевты ең соңғы рет көрген Түркиядағы танысымен тілдесіп, іздеуге шыққанын хабарлаған болатын. 

8 ақпанда Түркияның Антакья қаласында үйінділердің бірінен Сәбина Мамадьярова аман табылды. 9 ақпан күні Түркияда үй қирандыларының астынан табылған қазақстандық Әділ Қадырбеков екені белгілі болды

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда адам саудасына қатысты 197 қылмыс тіркелді
Бүгін, 13:19

Қазақстанда адам саудасына қатысты 197 қылмыс тіркелді

Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар
20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →