×

Қазақстандық құтқарушылар үйінді астынан тағы үш адамды аман алып шықты

Екінші эшелон Түркияға келген сәттен бастап Қазақстан ТЖМ құтқарушылары тәулік бойы құтқару жұмыстарын жүргізуде

Қазақстандық құтқарушылар үйінді астынан тағы үш адамды аман алып шықты
видеодан скриншот

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Газиантеп провинциясының Нұрдағы қаласында үйінді астынан тірі үш адамды алып шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екінші эшелон Түркияға келген сәттен бастап Қазақстан ТЖМ құтқарушылары тәулік бойы құтқару жұмыстарын жүргізуде.

Екінші эшелон үшін іздеу орны Нурдагы - Газиантеп қаласынан 69 шақырым жердегі толығымен қираған ғимарат бекітілді.

Бұл нысанда қазақстандық құтқарушылар адамдардың орналасқан жері мен жай-күйін анықтау, үйінділер астында зардап шеккендермен аудио байланыс орнату, қажетті көмектің көлемі мен сипатын анықтау бойынша жұмыстарын жүргізді.

Қазақстандық құтқарушылардың үлкен тереңдіктегі үйінділердің астынан зардап шеккендерді эвакуациялау үшін жол ашу жұмыстарын орындап, жедел және сауатты іс - қимылдың, сондай - ақ зардап шеккендерді блоктан шығару бойынша уақтылы қабылданған шаралардың нәтижесінде бүгін түнде көлемі 18 мың текше метрден астам үйіндінің астынан үш тірі адамды - ер адам мен екі әйелді шығаруға мүмкіндік туды.

Адамдар дереу медициналық қызметтеріне жеткізілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Тәуелсіздіктің тұмарлары, елдіктің нышаны": 4-маусым – мемлекеттік рәміздер күні
Кеше, 09:33

"Тәуелсіздіктің тұмарлары, елдіктің нышаны": 4-маусым – мемлекеттік рәміздер күні

Мемлекеттік рәміздердің қабылдану тарихы мен оған қатысты қандай заңдар бар?!
Ақтаудан шыққан лайнер бес елдің портына тоқтап Ресейге дейін барады
Тінту барысында тіркелмеген бес мылтық, оның ішінде кесілген және ойық ұңғылы карабин, травматикалық қару мен оқ-дәрілер тәркіленген
Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше кәсіпкер бұл шараны заңсыз ұйымдастырған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →