×

Есен Елеукен: Жайдарманда жинаған тәжірибемді көрсететін кез келді

Есен Елеукен: Жайдарманда жинаған тәжірибемді көрсететін кез келді
Фото: Е.Елеукен фб парақшасы

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ президенті, “Жайдармен” ойындарының негізін қалаушы Есен Елеукен Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер ретінде тіркелді, деп хабарлайды  qaz365.kz тілшісі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Ол бұл жолға ұзақ дайындалғанын және бұрын да мұндай ұсыныстар болғанын айтты. 

"Бірақ өзімді дайын емеспін деп бас тартып келгенмін. Алайда қазір ойланып отырсам, жастардың арасында жүрмін дегенмен, жасым, міне, биыл елуге келеді. Жер ортасына келдім. Енді Жайдарманда жинаған тәжірибемді, білігімді және бар ынта-жігерімді көрсететін кез келді деп ойлаймын. Сондықтан, бұрын қоғамдық қызмет ретінде атқарған жұмысымды жоғары мемлекеттік деңгейге көтеріліп, заң жүзінде, жүйелі түрде көтеріп, шешетін уақыт келген сияқты", - деді Есен Елеукен.

Ол саясатқа кетсе де, Жайдарманнан алыстамайтынын жеткізді.

"Жүргізуші болмасам да, тұрақты түрде келемін. Аға ретінде ақыл-кеңесімді айтып, қадағалап отырамын. Өйткені өзім де осы қауымның бір мүшесімін деп есептеймін.

Жалпы Жайдарман – тамырын жайып, өзінің жолы мен бағытын айқындаған, еліміздің түпкір-түпкірінде филиалдары бар, өздігінен сартылдап жұмыс істеп тұрған жүйе. "Жайдарманның" бір ерекшелігі - креатив индустрияны қалыптастырды. Мәдениет саласының кез келген бағытынан біздің жайдарманшыларды табасыз. Бұдан бөлек өңірлерде депутат болған да, ұлттық компанияларда басшылық қызметте отырған да жайдарманшылар аз емес. Бір сөзбен айтқанда, "Жаңа Қазақстанда жастар мұнай болса, "Жайдарман" сол байлықты игеріп, өңдейтін ұлттық компания" деп сипаттар едім", - дейді Есен Елеукен.

Бұндай шешімді қабылдауға жастардың ұсынысы әсер еткенін айтты.

"Өйткені олар бұрыннан "депутат болсаңызшы" дейтін. Жайдарманшылар дегеніміз жастар ғой, ал олар өздеріне қолжетімді, кез келген уақытта билікке өз үнін, датын жеткізе алатын адамның Парламент Мәжілісінің депутаты болғанына қуанатыны анық. Сондықтан, бұл шешімімді өзіме сеніп отырған қоғамның аманатын арқалау деп түсінемін", - деп сөзін аяқтады Есен Елеукен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →