×

Жол салу әдістерін түбегейлі өзгерту қажет – Премьер-министр

Интернетте жұмыстың регламент бойынша емес, жаңбыр, тіпті қар жауып тұрған кезде жүргізіліп жатқаны түсірілген көптеген бейнеролик пен фотосуреттер толып жүр

Жол салу әдістерін түбегейлі өзгерту қажет – Премьер-министр
primeminister.kz

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб отырысында автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау мәселелері қаралды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

2030 жылға дейін 8 мың шақырым республикалық және 14 мың шақырым жергілікті автожолдарды сапалы салу мен реконструкциялау міндеті қойылған.

Биыл 11 мың шақырым автомобиль жолдары, оның ішінде 7 мың шақырым республикалық маңызы бар жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Бүгінгі таңда 70 мың шақырым жергілікті жолдардың 85%-ның жағдайы бірқалыпты.

Жамбыл (97%), Маңғыстау (96%) және Павлодар (91%) облыстарында жергілікті жолдардың жай-күйі жақсы.

Еліміздің үш өңірінде - Батыс Қазақстан (46%), Ақтөбе (72%) және Атырау (72%) облыстарында көрсеткіштер орташадан төмен.

Үкімет басшысы соңғы уақытта автомобиль жолдарының сапасына қатысты шағымдар көп екенін атап өтті. Жолдың нашарлығы жол апатына себепші болып, адамдардың өліміне әкеледі, транзиттік тасымал көлемін азайтады, сонымен қатар елдің имиджіне теріс әсер етеді.

«Жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына жұртшылық қанағаттанбай отыр. Интернетте жұмыстың регламент бойынша емес, жаңбыр, тіпті қар жауып жатқан кезде жүргізіліп жатқаны түсірілген көптеген бейнеролик пен фотосуреттер толып жүр», - деді Әлихан Смайылов.

Мысал ретінде Үкімет басшысы Абай облысы, Көктерек ауылында қардың үстіне асфальт төселгенін, ал Павлодар облысында асфальтты жолға шашып тастағанын айтты. Кейбір өңірлерде ауыл тұрғындары жергілікті атқарушы органдардан қайыр күтпей, жолдарды өз бетінше жөндейтін жағдайлар кездеседі. Алматы облысы Рысқұлов ауылында, Маңғыстау облысы Атамекен ауылында осындай жағдайлар орын алды. Сонымен қатар бір учаскеде жыл сайын жөндеу жұмыстары жүргізілген фактілер бар.

Әлихан Смайылов жол салу әдістерін түбегейлі өзгертуді талап етті.

Сонымен қатар Премьер-Министр осы жылдың соңына дейін «Мерке-Бурылбайтал», «Ақтөбе-Атырау-Астрахан», «Алматы-Өскемен», «Өнеге-Бейсен», «Казталовка-Жәнібек», «Үшарал-Достық» сияқты маңызды автожол жобаларының аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →