×

Теңіз кен орнындағы наразылыққа байланысты арнайы комиссия құрылды

Жұмысшылар бір реттік сыйақыға қатысты түсінік беруді талап етті

Теңіз кен орнындағы наразылыққа байланысты арнайы комиссия құрылды
бейнекадрдан

Әлеуметтік желіде жүзден астам адамның наразылыққа шыққаны туралы бейнежазба тарады

Атырауда Теңіз кен орнындағы жұмысшылар бір реттік сыйақыға қатысты түсінік беруді талап етті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Azattyq Rýhy -на сілтеме жасап.

«11 желтоқсанда сағат 10:30-да үзіліс кезінде Теңіз кен орнының үшінші буын зауытының 42-учаскесіне тартылған «Senimndi Kurylys» ЖШС-нің 200 қызметкері жиналып, 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін жұмысқа қабылданған қызметкерлерге бір реттік сыйақыға қатысты түсіндірме беруді талап етті. Қазір Атырау облысы әкімінің тапсырмасы бойынша Теңіз кен орнында Жылыой ауданы әкімі Ж.Қаражановтың төрағалығымен арнайы комиссия құрылды», - делінген Атырау облыстық әкімдігі таратқан хабарламада.

Комиссия құрамында «Теңізшевройл» ЖШС өкілдері, «Senimdi Kurylys» басшылығы мен жұмысшылары, Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының қызметкерлері бар.

Комиссия жұмысының қорытындысы қосымша хабарланады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →