×

Таразда 10 жасар бала ауыр қылмысты ашуға көмектесті

Оқушының қырағылығының арқасында полиция қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай ұстады 

Таразда 10 жасар бала ауыр қылмысты ашуға көмектесті
Polisia.kz

Таразда 10 жасар қырағы бала полицейлерге ауыр қылмысты ашуға көмектесті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан шақырту түскен. Әйелі үйінің жанында белгісіз адам күйеуіне пышақ жарақатын салғанын хабарлаған. Артынша қылмыскер оқиға орнынан қашып кеткен. Жарақат алаған ер адам қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. 

“Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.  Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері тергеу іс-шаралары барысында қылмыстың куәгері — жақын жерде ойнап жүрген 10 жасар баланы анықтады. Ол полицейлерге күдіктінің киімі, келбеті, қайда қашқаны туралы маңызды ақпаратты нақтылап айтып берді. Оқушының қырағылығының арқасында полиция қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай ұстады”, – деп хабарлады жергілікті Полиция департаменті. 

Тараз қаласы полиция басқармасының басшылығы балаға ауыр қылмысты ашуға көмектескені үшін алғыс хат табыс етті. 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қызылордада құны 700 млн тұратын қоқыс полигоны мемлекетке қайтарылды
Бүгін, 13:20

Қызылордада құны 700 млн тұратын қоқыс полигоны мемлекетке қайтарылды

Полигон кәсіпкерге шарт негізінде 15 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берілген
Ол үшінші тұлғаға 2 000 гектардан астам жерді сатып жіберген
Сот компанияны өтемақы төлеуге міндеттеді. 
2025 жылы зиянкестермен күреске республикалық бюджеттен 7,1 миллиард теңге бөлінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →