×

Петропавл мектебіндегі шабуыл әлеуметтік желілердегі ойынмен байланысты ма

Оқушы қауіпті "Лесоруб" ойынын ойнады деген күдік тексеріледі

Петропавл мектебіндегі шабуыл әлеуметтік желілердегі ойынмен байланысты ма
Zakon.kz

Петропавлда балаларға шабуыл жасаған оқушы қауіпті "Лесоруб" ойынын ойнады деген күдік те тексеріледі. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілішсі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Петропавлдағы №4 мектепте болған төтенше жағдайдан кейін қаладағы ата-аналар чаттары арқылы бұл жағдайға "Лесоруб" ойыны себеп болуы мүмкін деген хабарламалар тарады.

Түсініктеме алу үшін Zakon.kz Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасына сауал жолдады. Қадағалаушы орган тергеу аясында әртүрлі нұсқа тексерілетінін мәлімдеді.

"Лесоруб" ойынына қатысты нұсқа тексеріледі. Тергеу аясында барлығы пысықталады. Қазір қажетті тексеру шаралары жүріп жатыр", – деді Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының аппарат басшысы Шолпан Әбдірахманова

Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, салдарынан үш бала зардап шекті. Кейін баланың жасы 15-те екені, "Депрессия" диагнозымен психиатриялық есепте тұратыны белгілі болды. Ол қаладағы №4 орта мектепте 2022 жылдың қараша айында ауысып келген. Оқу ісі меңгерушісінің айтуынша, тоғызыншы сынып оқушысы мүмкіндігінше оқыған, өзін сабырлы, салмақты ұстаған.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды
Бүгін, 19:48

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылы арасында автобус маршруты ашылады
Базарларды жаңғырту барысы бағытында Сауда министрлігі артта қалған өңірлерді атады
Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық  домбыра күнімен құттықтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →