×

Студент қыз оқушыны ұрып-соққан: істі полиция бақылауына алды

Іс Полиция департаменті басшысының бақылауында

Студент қыз оқушыны ұрып-соққан: істі полиция бақылауына алды
Ашық дереккөзден

Павлодар облысында студент қыз оқушыны соққыға жыққан, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Аталмыш іс Полиция департаментінің бақылауында.

«Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы 16 жасар қызды ұрып-соғу бойынша істі өз бақылауына алды»,  – дейді ПД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұдан бұрын Павлодар тұрғыны студенттің 16 жасар қызын ұрып-соққанын мәлімдеді. Ол бұл істі полиция департаменті мен прокуратура басшыларының бақылауға алуын сұрап, бейнеүндеу жариялады.

Анасының сөзінше, 5 қазан күні Павлодардағы Инновациялық көпсалалы колледжінің студенті баласына тап беріп, соққыға жыққан. Содан жасөспірім  бас сүйек-ми зақымын және көптеген жарақаттар алған. Қазір оқушы қыз ауруханада жатыр.

Полиция әйелдің бейнеүндеуіне бірден жауап беріп, қылмыстық істі тергеу барысын бақылауға алды. Департаменттің баспасөз қызметі қазір сарапшылар оқиға орнындағы бейнематериалдарды зерттеп жатқанын хабарлады.

Тиісті тергеу амалдары жүргізіледі.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы мен Токио арасында тікелей әуе қатынасы ашылады
Кеше, 13:47

Алматы мен Токио арасында тікелей әуе қатынасы ашылады

Алғашқы жылы Жапониядан Қазақстанға 5–7 мың турист келуі мүмкін.
Қала билігі тұрғындар мен қонақтардан қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды
2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша құрылыс саласындағы жұмыс көлемі 21,1%-ға артқан
Танымал эстрада әншілері көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →