×

Дубайда 1500 қазақстандықтың мүлкі бар: олар заң аясында тексеріледі

Сенат төрағасы «бәрін қаралау» артықтау дейді

Дубайда 1500 қазақстандықтың мүлкі бар: олар заң аясында тексеріледі
Ашық дереккөзден

Біріккен Араб Әмірліктерінде 1500-ге жуық қазақстандық жылжымайтын мүлікке ие. Бас прокуратура бұл мүлікті сатып алудың заңдылығын тексереді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Сенат кулуарында парламенттің жоғарғы палатасының төрағасы Мәулен Әшімбаев Дубайда мүлкі бар қазақстандықтар оны қайдан алғаны тексерілуі керек пе деген сұраққа жауап берді. 

«Бұл сұрақты Бас прокурарутарың активтерді қайтару жөніндегі комитеті төрағасына қойдыңыздар. Солар жан-жақты жауап берер. Заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөнінде комитет төрағасы бұл мәселелер жұмыс бабында қаралатынын айтты. Егер сол активтер заңсыз шығарылған болса, олар тиісті тізімге кіргізіледі. Қай жақтан алынғаны туралы нақты жұмыстар жүргізіледі. Білуімше, 1500 қазақстандықтың Дубайда әртүрлі дүниелері, мүліктері бар көрінеді. Бірақ олардың бәрін қаралау артықтау болатын шығар. Оның ішінде кәсібімен айналысып заңды түрде табысын тауып, алғандар да бар шығар. Сондықтан оның бәрін тиісті комитет заңның аясында қарайды», – дейді Мәулен Әшімбаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →