×

"Бұл - аманат, жетімдердің ақшасы еді": қарызымды өтеңдер деп өсиет айтқан әйелдің оқиғасы

Әлеуметтік желілерде үйінді астында жатып, телефонға өсиетін жазып қалдырмақшы болған Фатма Курттың видеосы тараған болатын

"Бұл - аманат, жетімдердің ақшасы еді": қарызымды өтеңдер деп өсиет айтқан әйелдің оқиғасы
видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде үйінді астында жатып, телефонға өсиетін жазып қалдырмақшы болған Фатма Курттың видеосы тараған болатын. Онда ол өзінің қарызын өтеуді өсиет етеді. Алайда ол қарыз емес, аманат етілген ақша болып шықты. Бұл туралы ол үйінді астынан шыққан соң мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі TV100-ге сілтеме жасап.

“4 жетім балаға тоңазытқыш алу үшін жиналған аманат ақша еді. Жетімдердің ақшасы еді, менің ақшам емес еді. Сондықтан да сол ақшаны өтеңдер дедім. Жетім балалардың ақысы менде кеткенін қаламадым”, – деп түсіндірді әйел. 

Ол осы видеоны түсірген кезде, екі баласының бірі, 12 жастағы Біләл қасында жансыз жатыр еді. 

“Ұлымды құтқара алмадым. Ол мені кешірмейтін шығар. Анам мені құтқармады дер”, – деп ашынды ана.

Ол ұлының жақсы қасиеттерін айтып, еске алды.

“Менің ұлым өте мейірімді еді. Бәріне көмектесіп жүретін. 5 лира берсем, достарына тым болмаса сағыз алып беретін”, – деп ұлын еске алды ана.

Фатма Курт ұлының арқасында құтқарылғанын айтады.

“Екі күн жалғыз қалды. Үсіді ме екен, қорықты ма екен, анам мені тастап кетті деді ме екен? Оның үстіне түскені үшін (ред. бетон) біз аман қалдық. Ол бізді құтқарды. Ұлыңның денесінің арқасында аман қалу неткен ауыр”, – деді ана.

Ұлы анасына арнап хат жазып кеткен екен.

“Сені қатты жақсы көремін. Не айтсаң да, орындаймын. Отын десең, әкеліпп беремін. Көмір десең, әкеліп беремін. Мен отбасымды жақсы көремін. Сен қасымда болсаң, жеткілікті”, – деп жазған ол хатта.

“Қасыңда бола алмадым” деп қайғырады ана.

“Сондай бақытты өмір сүріп жатыр едік. 5 мүшесі бар отбасы едік. Бетон үстіне құлаған кезде ауырды ма екен. Қандай азап шектің, құлыным?!” – деді ана.

Фатма Курт барлық ата-анаға үндеу айтты.

“Әркім баласын қатты сүйсін, оларды ренжітпесін, көңіліне қаяу түсірмесін. Тамақ жеме, аз же, семіріп бара жатырсың деп айтпасын. Жақсылап жесін, сосын жей алмайды”, – деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мәскеудегі теракт: "Крокуста" 5 мыңнан астам адам болған
25.03.2024ж. 16:42

Мәскеудегі теракт: "Крокуста" 5 мыңнан астам адам болған

Соңғы мәліметтер бойынша, шабуылдан 137 адам қаза тапты
Ғылыми орталықтың қазіргі атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндалды
Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа баяндады  
Қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →