×

17 жастағы саяхатшы Атыраудан Анадолыға дейін жаяу жүріп барған

Ол  бір айдың ішінде 1300 шақырымды жаяу жүріп өткен

17 жастағы саяхатшы Атыраудан Анадолыға дейін жаяу жүріп барған
Сурет: видеодан кесіп алынды

Қазақ жігіті Атыраудан Анадолыға дейін саяхаттап жаяу жетті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкентте туып-өскен Ролан Берікұлының жасы 17-де. Бірақ жастығына қарамастан оның арманы асқақ. Елде туризм саласын дамытуға құлшынып жүрген бозбала туристік елдерді жаяу аралауға бел буған. 

“Қазақстаннан Түркияға жаяу шыққандағы ең алғашқы мақсат - ел көріп, жер көріп, тану болды. Келесі мәселе - өзім туризмге қызыққан мақсатта алдағы уақытта Қазақстандағы туризмді дамыту. Жалпы осы 1 айдың ішінде 1300 шақырымды жаяу жүріп өттім. Және күніне 50-60 шақырымды бағындырып отырдым. Жолдағы ең қызық жағдай Ресейдің Астрахан қаласында болды. Қаладан шығаберісте жолдың ар жағында бір топ ит жүрген болатын. Бір қарағанда маған қарай жүгіріп келе жатты. Сақтық үшін өзіммен алып шыққан электршокер бар еді. Соны ауаға басып, өзімді қорғап алған болатынмын”, – деді жас саяхатшы  Ролан Берікұлы.

Қазір ол Кония қаласында. Оны отандасымыз Дәурен Сәбитұлы қарсы алған.

 “Осылай Қазақстаннан қазақ бауырымыз Түркия еліне жаяу шыққанын көріп, өз басым қатты қуанып, өзіне кері байланысқа шығып, өзіміздің қонақжайлығымызды көрсетіп, қонақ қылып шақырдым”, – деді Кония қаласының тұрғыны Дәурен Сәбитұлы.

Ол Дағыстан, Шешенстан, Грузия арқылы жүріп, Түркияның Ризе қаласына дейін барған 26 күнде 1 мың 300 шақырымды жаяу жүріп өткен. 2 рет жаңбыр астында қалып, 18 күн далада шатырда түнеген. Арқалаған сөмкесі 20 келіден кем емес.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →