×

Журналист Данияр Әділбековке үкім шықты

Прокурор оны 5 жылға соттауды сұраған

 

Журналист Данияр Әділбековке үкім шықты
Ашық дереккөзден

Сот  «Дикая Орда» телеграм-каналының авторы Данияр Әділбековке қатысты үкім шығарды. Сот үкімімен журналист 4,5 жылға сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Әділбековке 4,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын»,  –  деді Астана ауданаралық сотының қылмыстық істер жөніндегі судьясы Әсел Мұқышова.

Прокурор бұған дейін оны 5 жылға соттауды сұраған еді. Қорғаушы тарап журналистке тағылған айыптың ешқайсысы дәлелденбегенін айтады.

Әділбеков ісі

Еске салсақ, бұдан бұрын наурызда қамауға алынған журналист Данияр Әділбековтың соты ел назарында. Оның үстінен энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов, журналист Гүлжан Ерғалиева және елорда әуежайының инвесторы Юсуш Рашед Альджаудердың арыз берген.

«Дикая Орда» телеграм-каналындағы анонимді жазбалары үшін журналистке екі бап бойынша айып тағылып отыр. Біріншісі – мұнай трейдері Ерлан Саудагеровтің тапсырысымен энергетика вице-министрі Ерлан Аккенженов жайлы жалған ақпарат жеткізу (Қылмыстық кодекстің 419-бабы). Екіншісі – Гүлжан Ерғалиева мен астаналық әуежайдың топ-менеджері Юсуш Альджаудер жайлы жалған ақпарат тарату (274-бабы).

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →