×

Түркістандық блогер Талғарға Хасанды іздеп барды

Хасан өзі жайлы әлеуметтік желіден естіген

Түркістандық блогер Талғарға Хасанды іздеп барды
Фото: Qaz365.kz

Өзін әлеуметтік желіде «Ағалық болашақ» деген ұйымның жетекшісі ретінде таныстыратын блогер Талғарға барып, аты шыққан Хасан Қасымбаевпен кездесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ол болған оқиғаға ешқандай қатысым жоқ. Әлеуметтік желіден естідім», - дейді Хасан оның сұрағына жауап беріп.

«Неге сол оқиғада сіздің атыңыз аталып жатыр?» деген блогердің сауалына Хасан Қасымбаев сол ауылда (бұрынғы Хуторка – қазіргі Рысқұлов) тұрғанын айтады. Хасан Қасымбаевтың сөзінше резонансты істе есімін марқұм Шерзат Болаттың әкесі атаған.

«Ол балаларды танымадық (қылмысқа барған). Енді ғана танып жатырмыз. Танымаймын. Қылмыс жасаған балалар заңды түрде жазасын өтесін деп тілеймін. Басқа...» - дейді Хасан Қасымбаев.

«Хасан алдымызға келіп тұр, Алла разы болсын» дейді блогер. Оған қоса марқұм Шерзаттың әкесін әкімдіктің алдына шақырады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы мен Токио арасында тікелей әуе қатынасы ашылады
Бүгін, 13:47

Алматы мен Токио арасында тікелей әуе қатынасы ашылады

Алғашқы жылы Жапониядан Қазақстанға 5–7 мың турист келуі мүмкін.
Қала билігі тұрғындар мен қонақтардан қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды
2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша құрылыс саласындағы жұмыс көлемі 21,1%-ға артқан
Танымал эстрада әншілері көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →