Қыздарды көрдім. Қылмыскерлердің көлігіне мініп кетті
Талғарда бір топ адамның қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Болаттың әжесі Жұмабике Нұрымова журналист Жан Ахмадиевке берген сұхбатында сол түндегі сұмдық жағдайды айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Балам мен келінімнің шырылдап жатқанын өз көзіммен көрген анамын. Менде сол жерде болдым. Оларға не айтсаңдар да қу дүниені төлейміз, бұл кішкентай нәресте ғой дегенімде керек қылмады. Керсінше тыңдамай, қолымнан сүйреп, құлатып тастады. Олар ішіп алған. Сол кезде телефоным ұшып кетті. Тұрайын десем, екі бордюрдің арасында қалып қойдым. Еңбектеп телефонымды аламын дегенше келінімнің жан дауысы шықты. «Көмектесіңдер, жедел жәрдем» деп айғалады. Қарасам, екі балам құлап жатыр екен. Екеуі де өлді деген ой келді. Мең-зең күйде өз-өзімді түсінбедім. Сіздер айтқан қыздарды көрдім. Қылмыскерлердің көлігіне мініп кетті. Алайда сол қылмысы қатысы бар қыздарды куәгер деп отырсыздар. Егер кінәлері жоқ болса, теуіп жатқан 11 жігітті тоқтатуға біреуі тырысар еді ғой, - дейді марқұмның әжесі.
Ол осы іске керсінше өздерің кінәлі етуге тырысты деп органдағы қызметкерлерге ренжігенін айтты.
Жәбірленуші болып барып, пышақ ұстады деп өз баламды кінәлі етіп жатыр. Ақиқат көрініп тұрған нәрсеге көз жұмып, болмған нәрсені болды қылып жатыр. Жоғалып кеткен видеоны монтаждап қайта шығарды. Ол видеоның алдында «Хутордың» жігіттері ақталып, ауылдастары мақтап жатқанын көрдік. Құдайдан қорықпағаннан қорық деген. Алла менің шырылдаған нәрестемнің қаны ешкімді жібермейді деп ойлаймын. Бірінші кезекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұраймын. Мен қазір ешкімге сенбейтін болдым. Ақиқат айтатын емес, адам өлтіретіндер керек болғаны ма сонда? Балам шетелге кетейік дейді. Қайда қашып, бас сауғалаймыз? Қашсақ та тауып алады емес пе?, - дейді Жұмабике Нұрымова.