Сұхбат барысында қайтыс болған саясаткер туралы көп айтылады.
Бұл туралы BBC агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
21 қазан күні таңертең BBC-дің ресейлік ресми ютуб арнасында қайтыс болған оппозиционер Алексей Навальныйдың әйелі Юлия Навальнаяның сұхбаты шықты. Сұхбат барысында қайтыс болған саясаткер туралы көп айтылады. Сонымен қатар Навальнаямен сөйлескен журналист Кейти Раззал одан «Сіз өзіңізді Ресей президенті ретінде көресіз бе? Сіз осындай мақсат қойып жүрсіз бе» деп сұрайды.
Журналистің сауалына «Менің мақсатым — өзгерістерге көмектесу үшін бәрін жасау. Егер мен Ресейге оралсам, мен сайлауға қатысамын», – деп жауап береді Юлия Навальная.
Навальныйдың әйелі Юлиямен сұхбат «Алексей Навальныйдың өмірбаяны» кітабы жарыққа шықпай жатып жарияланды. Кітап 22 қазанда он бір тілде, оның ішінде орыс тілінде шығатыны туралы Навальная сәуір айында хабарлады.