×

Қазақстанда ауыз судың бағасы күннен-күнге қымбаттауда

Елде ауыз су 14% - ға, минералды су 15%-ға қымбаттаған.

Қазақстанда ауыз судың бағасы күннен-күнге қымбаттауда
Фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Energyprom.kz. сайты жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ақпараттық порталдың мәліметінше, қарапайым ауыз су жылына 14% -ға, минералды су 15% -ға, ал алкогольсіз сусындар 11,6% -ға, газдалмаған сусындар 10% -ға қымбаттаған.

Сарапшылардың есебінше ауыз су мен сусындардың бағасы бүкіл ел бойынша аспандап тұр. Аймаққа байланысты олар бір жылда 5-17%-ға өскен. (ең жоғары көрсеткіш СҚО-да, онда бағаның өсуі 17,4% құрады, ал Қарағанды облысында 16,8% -ға өскен).

Сонымен қатар елде су және алкогольсіз сусындар өндірісі бір жылда 1,1% -ға өсті. Алкогольсіз сусындардың басым бөлігін Алматы облысы (қаңтардан тамызға дейін 1,2 млрд литр), сондай-ақ Шымкент пен Астана өндіреді. Бұл нарықта импорт салыстырмалы түрде аз (12,3 %), себебі жыл басынан бері ол 5,8%- ға қысқарған.

Ауыз судың бағасы кейбір аймақтарда орталықтандырылған сумен жабдықтау проблемаларының салдарынан қымбаттауда. Батыс Қазақстан облысында әлі күнге дейін ондаған ауыл сумен тұрақты қамтылмай отыр. Ал Алматы облысында ауылдық аудандарды су құбырына қосуда бірқатар мәселелер бар. Сондықтан мыңдаған қазақстандық үнемі бөтелкедегі суды сатып алуға мәжбүр. Ал олар үшін бір жылда бағаның бұлай 14%-ға өсуі үлкен қаржылық проблемаға айналуы мүмкін.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тәуелсіздік күніне орай Астанада «Моана 2» анимациясын 400 бала тегін көре алады
Бүгін, 15:45

Тәуелсіздік күніне орай Астанада «Моана 2» анимациясын 400 бала тегін көре алады

Анимациялық шедеврлерді бейімдеу арқылы қазақ тілін насихаттауға бағытталған
Келесі жылы «Жайдарман» тікелей эфирде көрсетілуі мүмкін
Күдікті оларды интернет арқылы сатпақ болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →