×

Алматыда синтетика өндірумен айналысқан 52 есірткі зертханасы табылды

Алматыда синтетика өндірумен айналысқан 52 есірткі зертханасы табылды
Polisia.kz

Алматы қаласының Жетісу ауданында жалға алынған жеке үйлердің бірінде есірткі зертханасы табылды, – деп хабарлайды Qaz365.kz порталы Polisia.kz -ке сілтеме жасап.

– Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жалпы салмағы бір жарым килограмнан асатын «aльфа-pvp» синтетикалық психотроптық заты табылып, тәркіленді. Күдікті ұсталды. Одан салмағы 100 грамнан асатын «синтетика» тәркіленді. Ер адам есірткіні байланыссыз тәсілмен өткізбек болған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Полиция жыл басынан бері 52 есірткі зертханасын жойды. Заңсыз айналымнан жарты тонна «синтетика» тәркіленді, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.

– Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың қазан айынан бастап «синтетика» есірткінің ауыр түріне теңестірілді. Оларды сақтау үшін қылмыстық жауапкершілік бір грамнан басталады. Аталмыш факт бойынша күдікті мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деді спикер.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты
Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі болған Қамшы Көлбаевтің қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматына іздестіру жарияланды
Дептутат Данияр Қасқарауов Премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдап, әлі күнге шешімін таппаған Сорбұлақ мәселесін көтерді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →