×

Белгілі математик Асқар Жұмаділдаев «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды

Отандық ғылымды дамытуға айрықша үлес қосқан.

Белгілі математик Асқар Жұмаділдаев «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды
Фото: ашық дереккөзден

Республика күні қарсаңында Президент еліміздің еліміздің өркендеуіне елеулі еңбегі сіңген бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады. Олардың қатарында отандық ғылымды дамытудағы айрықша үлес қосқан азаматтар бар, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Белгілі қазақстандық ғалым және қоғам қайраткері Асқар Жұмаділдаев «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алды.

«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы отандық ғылымды дамытудағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық қызметтегі аса үздік еңбегі үшін Президент жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті А.Жұмаділдаевқа, елдің әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін Алматы қаласы №4 арнайы мектеп-интернатының мұғалімі Г.Нұрпейісоваға, Орал қаласы А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының мұғалімі Э.Траисоваға және өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін Қарағанды облысы «Шахтерское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Г.Прокопқа берілді.

Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев — белгілі қазақстандық ғалым және қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы (1988), профессор (1990), Қазақстан ҰҒА-ның академигі, 12-шақырылған Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің және 13-шақырылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты.

Жұмаділдаевтің негізгі ғылым-зерттеу еңбектері Ли алгебрасының когомология теориясына арналған. Ол оң сипаттамалы Ли алгебрасының когомологиялары мен деформацияларын және олардың қолдануын зерттеген. Векторлық өріс алгебрасының бөлшектенбейтін кеңеюін есептеген. Ассоциативті емес алгебраның тепе-теңдіктерін тапты.

Ғылыми дәрежелері:

  • 1981 ж. - физика-математика ғылымдарының кандидаты (КСРО Ғылым академиясының В.А. Стеклов атындағы математика институты, Мәскеу)
  • 1988 ж. - физика - математика ғылымдарының докторы (КСРО Ғылым академиясының В.А. Стеклов атындағы математика институты, Ленинград бөлімі).  
  • 1990 ж. - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры
  • 1995 ж. - ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі
  • 2004 ж. - ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Сені жақсы көреміз, әке»: Рэпер P. Diddy-дің балалары мәлімдеме жасады
Бүгін, 11:48

«Сені жақсы көреміз, әке»: Рэпер P. Diddy-дің балалары мәлімдеме жасады

Америкалық музыкалық продюсер P. Diddy-ге қарсы бірнеше іс қаралып жатыр.
Биылдан бастап құрметті атақтар қатарына «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» атағы қосылды.
Президент Жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →