×

Елімізде қандай азық-түлік қымбаттауы мүмкін?

Қазақстанда өндірілмейтін көкөністер мен жемістер қымбаттайды.

Елімізде қандай азық-түлік қымбаттауы мүмкін?
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өндірілмейтін көкөністер мен жемістердің кейбір түрлері қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Вице-премьер Серік Жұманғарин елімізде өндірілмейтін кейбір көкөніс, жеміс-жидектің баға тұрақтылығына қатысты тәуекел туындауы мүмкіндігін айтты.

«Азық-түліктің 14 түрі бойынша 80 пайызға және одан да көп пайызға қамтамасыз етілген. Ал 5 түрі бойынша импортқа тәуелділік бар: құс етімен өзімізді 73 пайызға қамтамасыз етеміз; шұжықпен 60 пайызға, балықпен 60 пайызға, ірімшік, сүзбемен 46 пайызға, қантпен 44 пайызға қамтамасыз етеміз. Мұнда белгілі бір деңгейде қауіп бар. Әрине, Қазақстанда өндірілмейтін көкөністер мен жемістердің кейбір түрлері, мәселен, апельсин, банан, лимон және т.б. болуы мүмкін... Бұл өнімдер қымбаттауы мүмкін. Бірақ шамалы» - деді Серік Жұманғарин.

Еске салсақ, бұған дейін БАҚ өкілдерінің бірі премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғаринға «премьер-министр боламын деген амбицияңыз бар ма?» деген сауал қойып, вице-премьер журналистке ұрсып тастаған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мұғалімдер басшылықтан қорықса жасырын түрде шағым бере алады – Оқу-ағарту министрлігі
Кеше, 18:33

Мұғалімдер басшылықтан қорықса жасырын түрде шағым бере алады – Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрлігі егер мұғалімдер өз міндетіне жатпайтын еңбекке тартылып, бірақ сол үшін шағымданудан қорықса жасырын түрде арыз түсіре алатынын хабарлады
Ол ұзаққа созылған қатерлі дертпен өмірінің соңына дейін күресті
Әкімнің сөзінше, дәл қазір «Телман» сорғы станциясында техникалық су құбырын салу жобасы жүріп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →