×

«Жылап қалдым»: Майра Мұхамедқызы Халық әртісі атағын қалай күткенін айтты

Халық «Халық әртісі» атағын баяғыда беріп қойған.

«Жылап қалдым»: Майра Мұхамедқызы Халық әртісі атағын қалай күткенін айтты
Фото: gov.kz

Республика күні қарсаңында президент жарлығымен бірнеше азамат Халық әртісі атағына ие болған еді. Марапатқа ие болғандардың арасында опера әншісі Майра Мұхамедқызы бар. Qaz365.kz тілшісі әншінің  жаңалықты қалай қабылдағанын, қандай сезімде болғанын сұрап білді.

Өнердегі еңбегі бағаланып, үлкен атақ алып жатқан Майра Мұхамедқызы бақытты екенін айтты.

«Жақсылықтың ерте-кеші жоқ қой. Халық маған «Халық әртісі» атағын баяғыда беріп қойған. Қолымда тек сол қаулы, сертификаты ғана болған жоқ қой. Сондықтан бүгін Үкімет соны беріп, жарлық шығарып жатқанына мен өте бақыттымын. Әлемнің сахнасында Қазақстанның халық әртісі деген атқа лайық өнер көрсетіп-ақ жүрмін ғой. Енді сахнаға ұялмай, қысылып-қымтырылмай шығатын болдым. Әрине, күттім. Әсіресе, былтыр қатты күткен едім. Өйткені, «Қазақстанның халық әртісі» атағын орнына қайта қойды ғой. Сол кезде беріледі деп тізімде менің де атым жүрді. Бірақ маған берілген жоқ. Сонда жылап қалдым» - дейді әнші.

Майра Мұхамедқызы - қазақтың ең атақты опера әншiсi (сопрано), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Париждегі «Гранд Операда» Қазақстанның атынан өнер көрсеткен тұңғыш әрі әзірге жалғыз опера әншісі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мұғалімдер басшылықтан қорықса жасырын түрде шағым бере алады – Оқу-ағарту министрлігі
Кеше, 18:33

Мұғалімдер басшылықтан қорықса жасырын түрде шағым бере алады – Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрлігі егер мұғалімдер өз міндетіне жатпайтын еңбекке тартылып, бірақ сол үшін шағымданудан қорықса жасырын түрде арыз түсіре алатынын хабарлады
Ол ұзаққа созылған қатерлі дертпен өмірінің соңына дейін күресті
Әкімнің сөзінше, дәл қазір «Телман» сорғы станциясында техникалық су құбырын салу жобасы жүріп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →