×

Астанадағы LRT қашан ашылатыны белгілі болды

LRT құрамына 18 станса кіреді

Астанадағы LRT қашан ашылатыны белгілі болды
Сурет: bige.kz

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов елордада жеңіл рельсті көлік (LRT) желісін салу жөніндегі жобаның барысын тексерді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мемлекет басшысы еліміздің көлік жүйесін дамытуға көп көңіл бөледі. LRT жобасы бойынша инфрақұрылымды дайындау бойынша үлкен жұмыс жүргізілді, қаражат бөлінді. LRT қала тұрғындарына, елорда қонақтарына қызмет етеді. Құрылыс жұмыстарының қарқыны артып келеді, оларды бәсеңдетпеу маңызды. Жоба ең жоғары деңгейде жүзеге асырылуы керек. Әкімдік пен орталық мемлекеттік органдар тарапынан бақылау күшейтілуі тиіс. Нәтижеге жұмыс істейтін боламыз», — деді Премьер-министр.

Жоба аяқталғаннан кейін жеңіл рельсті желі бойымен жүргізушісіз пойыздар іске қосылады.
 

“Жеңіл рельсті желінің жалпы ұзындығы 22,4 км құрайды. LRT құрамына 18 станса кіреді. Қозғалыс аралығы 4-5 минутты құрайды. Төлем жүйесі қалалық аналогы бойынша, көлік картасын валидациялау немесе QR-код арқылы төлеу арқылы қарастырылған”, –  деді Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек.

«City Transportation Systems» ЖШС басқарма төрағасының айтуынша, LRT іске қосу 2025 жылдың соңына дейін жоспарланған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Шырын үшін ұрып-соққан»: Шу ауданында ажал құшқан оқушының отбасы сұмдық мән-жайды айтты
Бүгін, 19:47

«Шырын үшін ұрып-соққан»: Шу ауданында ажал құшқан оқушының отбасы сұмдық мән-жайды айтты

Мирас сол күні оларға барғысы келмей, сағат 21:06-да өзін мазаламауды сұрап хабарлама жіберген. Ол арғы күні отбасы атасының ас өткізетінін еске салған
Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты
Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі болған Қамшы Көлбаевтің қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматына іздестіру жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →