×

Алматыда тағы жер сілкінген жағдайда халық қайда барады

Зардап шеккендерге арналған шатырлы қалашық ашылады

Алматыда тағы жер сілкінген жағдайда халық қайда барады
Фото: gov.kz

Алматыда жер сілкінісі болған жағдайда зардап шеккендерге арналған шатырлы қалашық болады. Бұл туралы мәжілісте Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шыңғыс Әріновтің айтуынша, сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдері қайта қаралды. Алматыда министрліктің жедел мақсаттағы «Алатау» оңтүстік базасы құрылды. Оның аумағында жойқын жер сілкінісі болған жағдайда зардап шеккендерге арналған шатырлы қала орналастырылады. Оған 173 гектар ашық жер бөлінген, жанында биік ғимараттар жоқ. Жол торабы да болады.

«Шатырлы қалашықта жатын орын, үш күндік тамақ, жалпы барлық қажетті зат болады. Әзірге оған 50 мың адам сыяды. Мақсатымыз – 1 миллион орын жасақтау», - деді Әрінов.

Сондай-ақ гуманитарлық көмекті қабылдау пункттері және басқа да қажетті қосымша құрылыстар болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды
Санаулы сәттерден кейін Перизат Қайраттың соты басталады
Үшарал әуежайы мен Ақши ауылы арасында автобус маршруты ашылады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →