×

Түркістанның 300-ге жуық тұрғыны баспаналы болды

Қалада 1728 пәтерлі 20 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр

Түркістанның 300-ге жуық тұрғыны баспаналы болды
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

25 қазан – Республика күні мерекесі қарсаңында Түркістан қаласында 260 пәтерлі, 3 көпқабатты тұрғын үй ел игілігіне пайдалануға тапсырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Тұрғындардың қуанышын бөлісуге облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы барып, азаматтарға баспана кілтін табыс етті.

– Сіздерді Республика күнімен құттықтаймын! Егемен еліміз мәңгі жасасын! Осындай айтулы мереке қарсаңында облыс орталығының тұрғындары қуанышқа бөленіп отыр. Біз халықты баспанамен қамту бағытындағы жұмыстарды тоқтатпаймыз. Бізден бір ғана талап – айналаны таза ұстап, тазалықты сақтау, – деді Дархан Сатыбалды.

Түркістан қаласының «Отырар» секторы аумағында 20 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Оның ішінде 9 тұрғын үйді «Бастау» корпорациясы арқылы сатып алу жұмыстары жүргізіліп, кезекте тұрған азаматтарға үлестірілуде. Бүгін 3 тұрғын үй 123 көпбалалы отбасына, 129 халықтың «әлеуметтік жағынан әлсіз топтары» санатына енетін азаматтарға және 8 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға берілді.

Қазіргі таңда Түркістан қаласының тұрғын үй кезегінде баспанаға мұқтаж 16 515 азамат тұр. Жергілікті тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биыл облыс орталығында кезекте тұрған 222 отбасы арендалық баспанамен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар жыл соңына дейін кезектегі азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 1728 пәтерлі 20 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мұғалімдер басшылықтан қорықса жасырын түрде шағым бере алады – Оқу-ағарту министрлігі
Бүгін, 18:33

Мұғалімдер басшылықтан қорықса жасырын түрде шағым бере алады – Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрлігі егер мұғалімдер өз міндетіне жатпайтын еңбекке тартылып, бірақ сол үшін шағымданудан қорықса жасырын түрде арыз түсіре алатынын хабарлады
Ол ұзаққа созылған қатерлі дертпен өмірінің соңына дейін күресті
Әкімнің сөзінше, дәл қазір «Телман» сорғы станциясында техникалық су құбырын салу жобасы жүріп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →