×

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Қазақстан мен Түркия екіжақты қарым-қатынастары тарих жылнамасына алтын әріппен жазылары сөзсіз – Қасым–Жомарт Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Akorda.kz

Елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға Қазақстан Республикасының І дәрежелі «Достық» ордені табыс етілді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Орденді табыстау рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентін елін алға бастап келе жатқан нағыз көшбасшы деп атап өтті.

“Сіздің сындарлы саясатыңыздың арқасында Түркияның әлемдегі абырой-беделі арта түсті. Еліңізді дүниежүзі әлеуеті зор, дамыған мемлекет ретінде біледі, құрметтейді. Түркия – біздің ежелден еншісі бір, тамырлас туысымыз. Сондай-ақ Қазақстанның ең жақын әрі сенімді стратегиялық серіктесі”, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президентінің айтуынша, қос халықтың арасындағы бауырластық байланыс – өзара тиімді қарым-қатынастың алтын діңгегі. Бұл іске Режеп Тайип Ердоған орасан зор үлес қосып келеді.

“Мен оны жоғары бағалаймын. Әсіресе, туысқан елдерді ортақ мүддеге ұйыстырып, тамырымызды тереңдету үшін ерекше еңбек сіңіріп жүрсіз. Бастапқыда кеңес ретінде құрылып, бүгінде толыққанды ұйымға айналған Түркі мемлекеттері ұйымы – осының айқын дәлелі. Одан бөлек, бітімгершілік рөліңізді ерекше атап өткім келеді. Біз сіздің дүниежүзіндегі дағдарыстар мен аймақтағы мәселелерді шешу жолындағы бастамаларыңызды қолдаймыз”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан Түркиямен стратегиялық әріптестікке негізделген көпқырлы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін айтып, болашаққа бірге қадам басатынын атап өтті.

“Осы жолдағы мәңгі достығымыз бен мызғымас бауырластығымыз жалғаса береді. Сіз қазақ-түрік қатынасын тұрақты дамытуға өлшеусіз үлес қосып келесіз. Мен осы саладағы айрықша тарихи рөліңізді ескере отырып, сізді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым. Бұл шешім екіжақты қарым-қатынастар жылнамасына алтын әріппен жазылары сөзсіз. Мен достығымызды нығайтып, береке-бірлігімізді арттыра түсу үшін бар күш-жігерімді жұмсауға дайынмын”, – деді Президент.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →