×

Бишімбаевтың «жазасын жеңілдетем» деген уәдемен 100 млн теңге алған әйел сотталып кетті

Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Бишімбаевтың «жазасын жеңілдетем» деген уәдемен 100 млн теңге алған әйел сотталып кетті
Фото: jambylinfo.kz

Іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен алаяқтық жасауға оқталды және аса ірі мөлшерде пара беруге итермеледі (ҚК 24-бабының 3-бөлігі – 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы, 28-бабының 4-бөлігі – 367-бабының 4-бөлігі) деп айыпталған Г.-ға қатысты үкім шығарды.

Айыпталушы Г. сот материалдарына сәйкес, 2024 жылдың мамыр айында Н.-ның аса ірі мөлшерде ақшасын иемдену мақсатында оның үйіне келіп, оның ұлы Б.-ға қатысты үкімді жеңілдету үшін, пара ретінде апелляциялық сатыға беру үшін оған 100 млн.теңге беру керек екенін хабарлаған. Сол күні кешке ол Н.-ға келіп, кезекті әңгіме барысында соңғысын апелляциялық сатыға пара беруге итермелеуді жалғастыра отырып, оларды лауазымды тұлғаларға беру сылтауымен, бірақ оны орындау ниетінсіз оның 100 млн.теңге сомасында ақшалай қаражатын иемденген. Алайда сотталушы Н.-ның ақшалай қаражатын алдау жолымен ұрлау жөніндегі әрекеттері оған тәуелсіз мән-жайлар бойынша, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің қылмыстық әрекетті әшкерелеуіне байланысты соңына дейін жеткізілмеген.

Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен, бейнежазбамен және қылмыстық іс бойынша басқа да материалдармен дәлелденген. Прокурор оны 11 жылға соттауды сұраса, айыпталушының өзі кінәны мойындамай, өзін ақтауды өтінген.

Сот үкімімен әйел 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ауыл шаруашылығы министрлігі: «Шайн мускат» жүзімі ағзаға зиянды емес
Бүгін, 10:56

Ауыл шаруашылығы министрлігі: «Шайн мускат» жүзімі ағзаға зиянды емес

«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →