×

Әлеуметтік көмек алу үшін ақы төлеуді тоқтату керек – депутат

Бұл отбасыларға қосымша қаржылық ауыртпалық әкеледі

Әлеуметтік көмек алу үшін ақы төлеуді тоқтату керек – депутат
Фото: ашық дереккөзден

Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев әлеуметтік осал топ санатындағы отбасылардың мәртебесін растайтын құжаттарды алу кезінде проблемаларды жоюды ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Депутаттың айтуынша, ата-аналар немесе заңды өкілдері мемлекеттен қаржылық көмек алу үшін тиісті анықтамалар ұсынуы тиіс. Бірақ мәселе мынада, олардың кейбіреуін алу үшін ақы төлеуге тура келеді, бұл отбасыларға қосымша қаржылық ауыртпалық әкеледі.

«Жалғызбасты ана баласының әлеуметтік мәртебесін растау үшін, уәкілетті органға өтініші бойынша баланың әкесі туралы мәліметтерді растайтын құжат ұсыну қажет. Бұл  анықтаманы «Азаматтарға арналған үкімет» ақылы негізде береді. Дәл осындай анықтама басқа мемлекеттік мекемелерге де ұсынылады. Мемлекеттік қызметті алушыға бір балаға әрбір анықтама үшін 1159 теңге мөлшерінде шығын әкеледі. Бір жағынан, мемлекет «Жалпыға бірдей білім беру» қорлары мен әлеуметтік қорғаудың басқа да түрлерін ұсыну арқылы осал топтарға көмек көрсетеді, ал екінші жағынан бұл көмекті алу үшін ата-ана балаларының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттарды тоқсан сайын,  ақылы негізде  алады. Ал толық емес отбасында 5 және одан да көп бала тәрбиеленеді. Кейбір толық емес, көп балалы отбасыларда жәрдемақы негізгі табыс көзі болғандықтан, бұл мәселе отбасының экономикалық жағдайына кері әсерін беруде», - деді сенатор.

Депутат әлеуметтік мәртебе туралы деректер базасын отбасының цифрлық картасына толық интеграциялау қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ ол жалғызбасты аналарға ақысыз негізде туу туралы анықтама беруді қарастыруды ұсынды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
250 млн жазылушысы бар Дженифер Лопес қазақ тіліндегі әнді өз парақшасында бөлісті
17.08.2025ж. 11:27

250 млн жазылушысы бар Дженифер Лопес қазақ тіліндегі әнді өз парақшасында бөлісті

Әйгілі әншінің Ain’t Your Mama әнін Мөлдір Байбусинова қазақ тіліне аударып шырқаған 
Биылғы жоба алты бағытты қамтыды: «Ғылым», «Медиа», «ІТ», «Мәдениет», «Бизнес» және «Волонтерлік»
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің соты бүгін де жалғасып жатыр
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің өкілі, адвокат Жеңіс Тыныбек сотталушы Ернар Жиембайдың өз әйелін қаралуын ұят тірлікке теңеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →