×

БҚО-ға Атырау мен Маңғыстау облысынан құтқарушылар келді

Су қоймаларындағы жағдай қандай?

БҚО-ға Атырау мен Маңғыстау облысынан құтқарушылар келді
ТЖД

БҚО Төтенше департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Маңғыстаудан – 62, Атыраудан 49 құтқарушы келген, деп хабарлайды өңірдегі qaz365.kz тілшісі.

Атыраулық құтқарушылар Бөрлі және Қаратөбе ауданына, маңғыстаулық 15 құтқарушы Казталов ауданына, қалғандары Орал қаласында жұмыс жасайды.

Қазір Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында және Шыңғырлау, Бөрілі, Бәйтерек ауданында төтенше жағдай жарияланды. Бұдан бөлек Сырым мен Қаратөбе, Қазталов аудандарында жағдай қиындау.

ТЖ мәліметінше, су қоймаларындағы жағдай қалыпты. Ал Чувашкин ауылы тұсында Шаған өзені, Жалпақтал және Қайыңды ауылы тұсында Кіші өзен, Белес ауылы тұсында Деркөл өзені, Чеботарев ауылы тұсында Быковка өзені, Рубежин ауылы тұсында Рубежка өзені қауіпті деңгейден асып кетті.

Нұрлыбек Рахманов

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда сирек кездесетін ауыр дертпен туылған бүлдіршінге бірнеше күрделі ота жасалды
31.03.2023ж. 13:44

Алматыда сирек кездесетін ауыр дертпен туылған бүлдіршінге бірнеше күрделі ота жасалды

Күрделі операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жасалды
ҚР Президентінің Іс Басқармасы балаларды «Бүркіт» авиакомпаниясына экскурсияға апарды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →