×

«Болғанынан болмағаны жақсы»: Ұранхаев өзі әкімдер рейтингін елемейтінін мәлімдеді

Әкімдер рейтингінде бірінші орында Нұрлан Ұранхаев тұр

«Болғанынан болмағаны жақсы»: Ұранхаев өзі әкімдер рейтингін елемейтінін мәлімдеді
Фото: ОКҚ

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өзі көш бастап тұрған рейтингпен есептеспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жуырда БАҚ-та облыс әкімдерінің рейтингінде сіз көш бастап тұр екенсіз. Мұндай рейтингтер әкімдіктердің тапсырысымен жасалады деген бейресми болжамдар айтылады. Осы рейтингте бірінші орында тұрғаныңыз жасандылық емес пе? Жалпы өзіңізді үздік әкіммін деп есептейсіз бе?» – деп сұрады әкімнен брифингте журналист.

Нұрлан Ұранхаев мен үшін осы рейтинг болғаннан болмағаны жақсы деп жауап берді. 

«Себебі осындай сұрақтар туындамайды. Мен өзімді өз әріптестерімді менен жақсы немесе менен кем деп ешқашан ойламаймын. Себебі біз осы рейтинг үшін жұмыс істемейміз. Біздің жұмыс халықтың бағасымен есептеледі. Кім не десе де – халықтың бағасы ең маңызды. Сондықтан, дана Шәкәрімнің «мансап үшін мақтанға салынғаннан аулақпын» деген сөзін ұстанамын. Осы лауазымда менімен тең жүрген әріптестерімнен «мен жақсымын» дегенге бармаймын. Шындығын айту керек, осы біздің баспасөз хатшымнан «Бұл қайдан шығып жатыр? Кім оны жасап жатыр?» деп сұрадым. Мен оны білмеймін. Басқаша бір рейтинг шығатын болса да, оған да қарсымын», - дейді Нұрлан Ұранхаев.

Toppress.kz басылымы жақында өңір әкімдерінің кезекті рейтингін жариялаған еді. Ол рейтингте бірінші болып Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, екінші орында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев, үшінші орында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек тұр. Басылым ең нашар әкімдер қатарына Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов пен Ұлытау облысынан кеткен Берік Әбдіғалиұлын қойған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Жемқорлықпен күресу жалғыз менің емес – барлық ел басшыларының міндеті
Бүгін Шымкент қаласында республикалық брифинг өтіп жатыр
Жаңа вице-министр бүгінгі Үкімет Қаулысымен тағайындалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →