×

Қазақстанда жұмыс орындары көп – депутат Айдос Сарым

Депутат Қазақстандағы зейнетақының көлемі аз екеніне келісетінін айтты

Қазақстанда жұмыс орындары көп – депутат Айдос Сарым
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнеткерлерге қатысты ұсынысын сынға алға болатын. Депутат кулуарда жағдайды түсіндіріп, өзінің өле-өлгенше жұмыс істей беретінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Барлығы заңмен реттеледі ғой. Болашақта да мұндай бастаманың қажеті жоқ. Санмен, дерекпен бәрін келтірдік. Біздің елде маман дефициті бар. Жұмыс орындары көп, бірақ оған иланып баратын жастар аз. Басқа жұмыстарды таңдағысы келіп тұрады. Ауылдарда, шағын қалаларда 60 жастан асқан мұғалім, дәрігерлеріміз жүр. Олар өздері-ақ кеткісі келеді. Немерелерін бағып, аяқтарын жылы суға салып отырғанды қалайды. Алайда мектеп директорларының өздері жібермейді. Өйткені маман тапшы», – дейді Айдос Сарым.

Депутат Қазақстандағы зейнетақының көлемі аз екеніне келісетінін айтты. Тек Қазақстанда ғана емес, өзге әлем елдерінде де солай деп отыр.

«Барлығы ЖІӨ үлесіне байланысты ғой. Әлемнің барлық кемпірлері курортта жүр деп айта алмаймын. Скандинавия елдері, Испания, Италияда демалып жүргендерін көреміз. Барлығы экономикаға байланысты. Менің де анамның жақсы зейнетақы алып, жақсы демалып жүргенін қалаймын. Зейнетақы көлемінің жоғары болуы үшін жақсы ақша тауып, еңбек етуіміз керек. Бастысы, ел экономикасы көтерілуі тиіс. Басқа ештеңе істей алмаймыз», – дейді ол.

Айдос Сарым өзі демалмай жұмыс істей беретінін де айтып қалды.

«Мен зейнетке шықпаймын. 63-тен де жұмыс істеймін. Өліп өлгенше жұмыс істей беремін», – дейді депутат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды
Бүгін, 01:47

Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды

Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды
Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.
Осылайша депутаттар екі айлық каникулға кетті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →