×

Шығыс Қазақстан облысында әкімдер форумы өтті

Форумның екінші бөлігі семинар-тренингпен жалғасты

Шығыс Қазақстан облысында әкімдер форумы өтті

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев «Халықпен бірге!» барлық деңгейдегі әкімдерінің өңірлік форумына қатысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шара барысында «Ауыл аманаты» және «Жер аманаты» партиялық жобаларын жүзеге асыруға қатысты мәселелер талқыланды. Жиналғандар ауылдарға қатысты мәселелерді айтып, атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы жоспарларды белгіледі.

Өңір басшысы Ермек Көшербаев мұндай форумдарды өткізудің басты мәселесі  – халықтың өмір сүру сапасын арттыру екенін атап өтті. 

«Әкімдер берген қаржыны игеріп отыратын кісі емес, іскер болуы тиіс. Қазір бізде қалай? Ақша бөлінеді, оны игереді, артынан мақтанып есеп береді. Халықпен тығыз байланыс орнатып, мәселелерін шешу керек. Ауылдарда  шағын болса да, өндірістер ашуға көмек көрсетіңдер. Бұл нағыз іскер әкім екендіктерінді көрсетеді. Мемлекет басшысы біздің алдымызда халықтың әл-ауқатын жақсарту бойынша үлкен міндеттер қойды және біз оларды орындауымыз керек», - деді облыс әкімі.

Форумға AMANAT партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев, барлық деңгейдегі әкімдер, облыстық мәслихаттың төрағасы мен депутаттары, басқармалардың басшылары, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

AMANAT партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев өз сөзінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталып, халықтың нақты мәселелерін шешуге бағытталған партиялық жобалар туралы айтты.

Форумның екінші бөлігі семинар-тренингпен жалғасты. Онда әкімдер заңнамадағы, оның ішінде мемлекеттік сатып алу саласындағы өзгерістер туралы жан-жақты ақпарат алды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды
01.07.2025ж. 01:47

Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды

Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды
Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.
Осылайша депутаттар екі айлық каникулға кетті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →