×

Тоқаев жаңа Ішкі істер министрінің орынбасарын тағайындады

Ол Ішкі істер органдарындағы қызметін 1999 жылы бастаған

Тоқаев жаңа Ішкі істер министрінің орынбасарын тағайындады
Фото: gov.kz

Санжар Әділов ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Санжар Аскенұлы Әділов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Санжар Әділов ішкі істер органдарындағы қызметін 1999 жылы бастаған.

1999 жылдан 2009 жылға дейін Алматы ІІД Әуезов және Бостандық аудандарының ІІБ, Алматы ІІБ тергеуші, аға тергеуші, бастықтың орынбасары, тергеу бөлімінің бастығы, бастықтың тергеу жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген.

2009-2012 жылдары - Алматы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) тергеу басқармасы басшысы. 2012-2013 жылдары - ІІМ Тергеу комитеті әскери-тергеу басқармасы бастығының орынбасары, бастығы.

2012-2013 жылдары - ІІМ Тергеу комитеті әскери-тергеу басқармасы бастығының орынбасары, бастығы.

2013 жылдан 2018 жылға дейін Астана ІІД бастығының орынбасары қызметін атқарған.

2018-2023 жылдары - ІІМ Тергеу департаментінің бастығы.

2023 жылғы 12 мамырдан бастап - Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы.

2024 жылдың наурыз айында ІІМ Қарағанды академиясының жаңа бастығы болып тағайындалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сенат Республикалық бюджет туралы заңды Мәжіліске қайтарды
Бүгін, 13:52

Сенат Республикалық бюджет туралы заңды Мәжіліске қайтарды

Сенатта 2025 жылы шығыстарды 60 млрд теңге сомаға ұлғайту қолдау тапты
Ол құқық қорғау органдары бұл іс бойынша тергеу жүргізіп жатқанын айтты
Қаржы министрі журналистердің сұрақтарына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →