×

Бекерден бекер ауысқан жоқпыз: Бірыңғай уақыт белдеуі өзгеріссіз қалатын болды

Сауда және ақпарат министрліктеріне жан-жақты ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды

Бекерден бекер ауысқан жоқпыз: Бірыңғай уақыт белдеуі өзгеріссіз қалатын болды
Сурет: gov.kz

Бірыңғай уақыт белдеуі өзгеріссіз қалатын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында айтылды.

“Бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты петицияны (жаңа уақыт белдеуіне қарсы) қараудың нәтижесінде стандартты сағат белдеуіне максималды бейімделу жағдайларын жасауға бағытталған уәкілетті, тиісті мемлекеттік органдарға айқын ұсыныстар мен тапсырмалар берілген болатын. Сағат белдеуін өзгерту туралы қабылданған шешім ғылыми негізделген және экономикалық тұрғыдан орынды”, – деді Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев. 

Оның бұл сөзінен кейін Үкімет басшысы Олжас Бектенов сөз сөйледі.

“Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев өз баяндамасында қолданыстағы уақыт белдеуіне қатысты жан-жақты дәлелдерді келтіре отырып, нақты жауап берді. Үкімет бұл шешімді қолдайды. Біз бірыңғай уақыт белдеуіне бекерден бекер ауысқан жоқпыз. Ел аумағының көп бөлігі 5-уақыт белдеуінде орналасқан. Сондықтан бұл – ғылыми тұрғыдан дұрыс шешім. Сауда және ақпарат министрліктеріне жан-жақты ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тасырамын”, - деді Үкімет басшысы Олжас Бектенов.

2024 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. Қазір ел аумағында 5-уақыт белдеуі (UTC+5) қолданылады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен тынысы» экологиялық қорғау бюросы ашылады
Бүгін, 19:07

Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен тынысы» экологиялық қорғау бюросы ашылады

Жаңа ұйымның мақсаты – ауа сапасына қатысты қордаланған мәселелердің шешімін іздеу

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →