×

Қазақстанда ипотекамен үй сатып алғандар да декларация тапсыратын болды

Қаржы министрі журналистердің сұрақтарына жауап берді

Қазақстанда ипотекамен үй сатып алғандар да декларация тапсыратын болды
Фото: elements.envato.com

Бір жыл ішінде ипотека арқылы құны 73 миллион теңгеден асатын пәтер сатып алғандар жалпыға ортақ декларация тапсырады. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Тәкиев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жуырда Үкімет қарапайым халық жалпыға ортақ декларациядан босатылатынын мәлімдеген. Алайда кейбір санаттағы азаматтар үшін декларация сол күйі қалады, олардың арасында бір жыл ішінде құны 20 000 АЕК-тен (биыл 73 млн теңге) асатын қандай да бір дүние-мүлік сатып алғандар да бар.

Тәкиевтің айтуынша, егер баспана құны 73 миллион теңгеден асып кетсе, мейлі оның жартысы қарыз ақша болсын, пәтер иесі декларация тапсыруға міндетті.

«Сіз де мұндай жағдайда декларация тапсырасыз. Декларация тапсырғанда екі көзді көрсетесіз: мысалы 40 млн теңге өз ақшаңыз, қалған 40 млн теңге Отбасы банктен алынған қарыз деп. Қарыз болса да қарамайды, декларация тапсырасыз», – деді министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен тынысы» экологиялық қорғау бюросы ашылады
Бүгін, 19:07

Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен тынысы» экологиялық қорғау бюросы ашылады

Жаңа ұйымның мақсаты – ауа сапасына қатысты қордаланған мәселелердің шешімін іздеу

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →