×

Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді

Компанияның банк алдындағы 12 млрд теңге қарызы өтелмеген.

 

Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді
Qaz365.kz коллажы

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Алматыда баспасөз жиынын өткізген «Су ресурсы маркетингі» ЖШС басшылары мен заңгерлерінің шағымына мардымды жауап бермеді, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Көшпелі брифинг барысында әкімге Qaz365.kz тілшісі кәсіпкердің шағымына байланысты сұрақ қойды.

«Ғабит мырза, «Су ресурсы маркетингі» компаниясы жөнінде айтып өттіңіз. Толығырақ білсем деп едім. Ол компанияның басшысы таяуда брифинг өткізіп, сіз бастаған әкімдік компанияны мемлекет меншігіне алуға барын салып жатқанын мәлімдеді. Сөзінше, құзырлы органдар қайта-қайта негізсіз тексеру ұйымдастырған. Оған қоса компанияның Еуропалық қайта құру және даму банкі алдында миллиардтаған қарызы бар көрінеді. Жылына 2 млрд салық төлейміз дейді. Компанияның наразылығына қалай жауап бересіз? Егер әкімдік қайтарған жағдайда сол банктің алдындағы қарызын кім өтейді? Әкімдік пе? Әлде компания ма?» - деп сұрады ол әкімнен брифинг барысында.

Ғабит Сыздықбековке бұл сұрақты алдыңғы журналист те қойды. Ол кезде де әкім толық жауап бермеген. Екінші сұраққа да толыққанды ештеңе демеді.

«Өздеріңіз келешекте ақ-қарасын ажыратарсыздар. Толыққанды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Менің позициям өзгерген емес. Стратегиялық нысан мемлекеттің меншігінде болуы керек. Ол үшін қазір жұмыстарды атқарып жатырмыз. Бәрі біткен кезде сіздердің назарларыңызға бүкіл құжаттарды береміз. Кімнің қанша салық төлеп отырғанын, төлемегені жөнінде ақпаратты аласыздар», - дейді Ғабит Сыздықбеков.

Әкім брифинг басталар алдында мекеменің жұмысында кемшілік барын мәлімдеген еді. Ол қандай кемшілік деген сұраққа Сыздықбеков қай заңның қай тармағына сәйкес-сәйкес еместігі туралы толық ақпарат алда берілетінін айтты. Ал компанияны мемлекет алған жағдайда оның қарызын кім өтейтіні туралы сұрақ та жауапсыз қалды.

Компания басшысының шағымы 

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда «Су ресурсы маркетингі» ЖШС басшылары мен заңгерлері баспасөз мәслихатын өткізген болатын. Шағым иелері Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің бастамасымен компанияға заңсыз талаптар қойылып, қысым көрсетіліп жатқанын мәлімдеген. 

Компания басшыларының айтуынша, Шымкенттегі ауызсу саласында көш бастап тұрған компания 25 жыл бойы үздіксіз жұмыс істеп, миллионға жуық тұрғынды сапалы ауызсумен қамтамасыз етіп келеді. Компанияда мыңға жуық қызметкер тұрақты түрде еңбек етеді. Оның басшысы Анарбек Орман соңғы бір жыл ішінде әкімдік тарапынан заңсыз тексерулер ұйымдастырылып, компанияны мемлекет меншігіне қайтару талабы қойылғанын айтады. Әкімдік бұл талапты «стратегиялық нысан» мәртебесімен өзін ақтайтын көрінеді. Алайда Орман бұл заңсыз әрекеттерді «саяси қысым» деп бағалап отыр.

Бухгалтерлік есепке сәйкес, кәсіпорын таза табыс көрсеткішін сақтай отырып, Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕБРР) арқылы 30 млрд теңге несие және жеке инвестициялар есебінен 15 млрд теңге тартып, бүгінгі күнге дейін 150-ден астам су ұңғымасы мен тарату нысандарын іске қосқан. Қазір компанияның банк алдындағы 12 млрд теңге қарызы өтелмеген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тұрғын үй кезегінде тұрғандардың тізімі дұрыс емес - Олжас Бектенов
Бүгін, 11:08

Тұрғын үй кезегінде тұрғандардың тізімі дұрыс емес - Олжас Бектенов

Жаңа тұрғын үй құрылысы жыл сайын ұлғайып келеді
Омбудсмендер институты –  күрделі мәселелерді шешетін тәуелсіз орган
Жоба мәдениеттер пен халықтар арасындағы диалогты дамытуға бағытталған
Әкімнің айтуынша, тікұшақтың қажеттігі өңірде айқын сезіледі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →