×

Энергетика министрі қазақша сұраққа жауап беруден бас тартты

Ол   «мен сізге жауап бердім, сонымен рақмет» деп ат-тоңын ала қашты

Энергетика министрі қазақша сұраққа жауап беруден бас тартты
Фото: primeminister.kz

Бүгін Мәжілісте Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің қатысуымен Үкімет сағаты өткен. Бірақ министр мемлекеттік тілдегі сауалдарға жауап бермеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кулуарда тілшілер министрге қазақша сауал қойғанымен, Сәтқалиев мырза жауап беруден бас тартты.  Тілші Жаңаөзендегі ереуіл жайлы сұрап, жұмысшылардың  барлығы қазақ тілді екенін айтқан.  

Алып-қосарым жоқ. ҚазМұнайГаз басшысы жауап берді. Олар жұмыс жүргізіп жатыр. Энергетика министрлігінің құзіретіне кірген кезде біз сізге жауап береміз, - деп ғана шектелді Алмасадам Сәтқалиев.

Ал қазақша жауап естіген тілшіге министр  «мен сізге жауап бердім, сонымен рақмет» деп ат-тоңын ала қашты. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды
Кеше, 01:47

Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды

Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды
Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.
Осылайша депутаттар екі айлық каникулға кетті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →