×

«Әкімдіктен кеткеніммен, Өскеменде қаламын»: Жақсылық Омар алдағы жоспарын айтты

Ол қаланы 2018 жылдан бері басқарған болатын.

«Әкімдіктен кеткеніммен, Өскеменде қаламын»: Жақсылық Омар алдағы жоспарын айтты
Фото: gov.kz

Күні кеше Өскемен қаласын басқарған әкім Жақсылық Омар қызметінен кеткен еді. Ол бүгін «Біздің Өскемен» порталының әлеуметтік желідегі парақшасына қысқаша сұхбат беріп, алдағы жоспарын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бүгіннен бастап қала әкімі емеспін. Иықтан бір жүк түсті. Өскемен қаласының тұрғынымын. Осында боламын. Ешқайда кетпеймін. Оның үстіне көпбалалы әке екенімді білесіздер. Балалардың шаруасы бар. Сол жұмыстармен айналасымыз. Қыстың ішінде мектеп ауыстырып, ешқайда көшіп кетпеймін ғой», – дейді Жақсылық Омар.

Ол қаланы 2018 жылдан бері басқарған болатын. Жақсылық Омар уақыт жетпей, үлгере алмай қалған жоспарларын да айтты. 

«Бір жағынан осы жылдар ішінде көп жұмыстар істелді деген іште қанағаттану бар. Екінші жағынан әттеген-айды да жоққа шығармаймын. Мысалы, Өскемен қаласындағы Виноградов көшесін жалғайтын сол жағалауды сала алмадық. Сосын Өскемен қаласында оқушылар сарайы жоқ. Соны саламыз деген мақсатымыз болған еді. Үлгермедім. Үшіншісі, «Өскемен-арена» деген атпен көпфукционалды кешен салу жоспарымыз бар-тын.  Жер телімі, жобасы бәрі дайын. Өскемендегі тағы бір проблема – қоқыс жинайтын полигон жоқ. Алдағы келетін басшылар осы жағын ескереді деп үміттенемін», – дейді экс-әкім.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жалған статистика: Миллиондаған тонна көкөніс, сүт, астық бәрі жоқ – Серік Егізбаев
31.03.2025ж. 10:48

Жалған статистика: Миллиондаған тонна көкөніс, сүт, астық бәрі жоқ – Серік Егізбаев

Құжатта 20 тонна ғана бар картопты, 2000 тонна деп жазып жіберіп отырған
Қазіргі заманғы қарулы қақтығыстар адам шығыны болмайтын, бірақ тиімділігі жоғары техникалардың алдыңғы қатарға шығуымен ерекшеленеді
Тараптар өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →