×

Шұғыл: Ұлттық банк базалық ставканы көтерді

Шұғыл: Ұлттық банк базалық ставканы көтерді
Ұлттық банк

Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Шешім жаңартылған болжамдар мен инфляция тәуекелдері балансының бағалауын ескере отырып қабылданды,- делінген банк хабарламасында.

Реттеушінің бұл шешіміне Қазақстандағы жылдық инфляцияның қазан айында 8,5%-ға дейін өскені әсер еткен. Бұл «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру аясында реттелетін қызметтердің айтарлықтай қымбаттауы мен теңгенің әлсіреуі салдарынан орын алғанымен түсіндіріледі.

Оған қоса инфляцияның орнықты бөлігі де өсуде.  Жоғары  ішкі  сұраныс  жағдайында  азық-түлікке  жатпайтын  тауарлар  мен  нарықтық  қызметтер  бағасының өсуі инфляцияның жеделдеуіне ықпал етті. Бюджеттің кіріс бөлігін орындамауына байланысты жалғасып жатқан фискалдық ынталандыру есебінен экономика ішіндегі проинфляциялық қысым сақталуда,- делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Паника болмас үшін солай жасадық – Тимур Сүлейменов доллар жайлы түсініктеме берді
29.11.2024ж. 11:51

Паника болмас үшін солай жасадық – Тимур Сүлейменов доллар жайлы түсініктеме берді

Депутаттар қайдан білетіні маған түсініксіз деді ол
Әкесі кезінде Астанадағы митингте белсенділерді ұстау кезінде танымал болған
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталған Владимир Путинді елорда әуежайынан шығарып салды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →