×

Тоқаев Эмманюэль Макронмен тағы кездесті

Бұл жолы екеуі Рияд қаласында жолықты

Тоқаев Эмманюэль Макронмен тағы кездесті
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рияд қаласында өтіп жатқан One Water саммиті аясында Франция Президенті Эмманюэль Макронмен кездесті,  деп хабарлайды Qaz365.kz

Президент өзінің жақында Францияға жасаған мемлекеттік сапарын ықыласпен еске алып, Қазақстан делегациясына көрсеткен ерекше қонақжайлығы үшін Эмманюэль Макронға ризашылық білдірді.

Мемлекет басшысы қазақ-француз қарым-қатынастарын берік стратегиялық серіктестік деңгейіне жеткізу үшін Парижде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті.

Келіссөздердің қорытындысына және тиісті құжаттарға қол қойылғанына көңілім толды. Францияға мемлекеттік сапарым ұзақмерзімді экономикалық өсімге және елдеріміз арасындағы байланысты нығайтуға жасалған маңызды қадам болды. Бірнеше аптадан кейін-ақ түрлі бағыттағы негізгі келісімдердің жүзеге асып, нақты нәтиже бере бастағаны қуантады, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Эмманюэль Макрон Қазақстан мен Франция арасындағы ықпалдастықтың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, климаттың өзгеруіне қарсы күрес және «жасыл» экономиканы дамыту секторларында күш біріктірудің мәні зор екенін жеткізді.

Тараптар энергия тиімділігі, таза технологиялар, су ресурстарын басқару, инновациялар, деректер алмасу және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықты жандандыру перспективаларын талқылады.

Кездесуде президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Президент Санкт-Петербург қаласына барды
Кеше, 17:27

Президент Санкт-Петербург қаласына барды

Оны қала губернаторы қарсы алды
Мұндай саммиттер Орталық Азияның халықаралық деңгейдегі орны күшейіп, жаһандық үдерістерде маңызды рөл атқара бастағанын көрсетеді
Қайтарылған активтер: 577 сауда, 38,4 млрд теңгенің мүлкі сатылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →