×

Тоқаев Трамппен сөйлесті

Саясаткерлер сауда, инвестиция салаларында және ядролық қаруды таратпау бағытында стратегиялық серіктестікті дамытуға бейіл екендерін растады

Тоқаев Трамппен сөйлесті
Ақо

Мемлекет басшысы АҚШ-тың сайланған арезиденті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының арезиденті болып сайлануымен құттықтады.

Саясаткерлер сауда, инвестиция салаларында және ядролық қаруды таратпау бағытында стратегиялық серіктестікті дамытуға бейіл екендерін растады.

Мемлекет басшысы халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп екіжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтау мақсатында ұдайы байланыста болуға уағдаласты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Бұл маңызды саяси оқиға елдің одан әрі дамуы мен тұрақтылығына ықпал етеді
Спикерлер сөз сөйлеп, әрқайсысы реформаны өзінің кәсіби және өмірлік тәжірибесіне сүйене саралады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →