×

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтады

Ол құттықтауында бауырлас қырғыз халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс тілеген

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтады
Сурет: Aкorda.kz

 Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесіп, туған күнімен құттықтап, бауырлас қырғыз халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс тіледі, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентінің екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастық пен одақтастық байланыстарды нығайтуға қосқан зор үлесін жоғары бағалайтынын жеткізген.

“Әңгімелесу барысында президенттер екіжақты ықпалдастықтың даму қарқынын атап өтіп, жоғары деңгейдегі, соның ішінде Садыр Жапаровтың биылғы 18-19 сәуір күндері Қазақстанға ресми сапарының аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады”, – делінген Ақорда хабарламасында..

Достық пен тату көршілік рухында өрбіп келе жатқан мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға ерекше назар аударылатынын айтқан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады
Бүгін, 11:39

ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады

Талғат Алдыбергеновтің теміржол саласында 35 жылдан астам еңбек өтілі бар.
Адам капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды.
Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →