×

Өскемен қаласына жаңа әкім тағайындалды

Өскемен қаласына жаңа әкім тағайындалды
ШҚО әкімдігі

Жақсылық Омар қызметінен кеткен соң, Өскемен қаласына жаңа әкім тағайындалды. Қаланы енді 34 жастағы Алмат Ақышов басқарады, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

ҚР президентінің әкімшілігімен және қалалық мәслихат депутаттарымен келісе отырып, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен  Алмат Талғатұлы Ақышов Өскемен қаласы әкімінің лауазымына тағайындалды.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Алмат Ақышовтың экономика, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мол тәжірибесін ескеріп, оған облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін дамытуды қамтамасыз етуде зор жауапкершілік артылатынын атап өтті.

Аймақ басшысы жаңа тағайындалған әкімге экология мен көшелерді жарықтандыру мәселелерін назарға ала отырып, қаланы одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар экономика, құрылыс, абаттандыру және әлеуметтік саладағы маңызды жобаларды аяқтауды жүктеді.

Туристік әлеуетті арттырып, облыс орталығының келбетін жақсарту үшін бизнес нысандардың бірыңғай дизайн-кодын енгізу туралы ұсыныстар дайындау тапсырылды.

Сондай-ақ облыс әкімі қаланың маңызды әрі серпінді жобаларын жүзеге асыру үшін инвесторларды тартып, осы және басқа да тапсырмалар жөнінде тиісті жол картасын дайындап, тез арада бекітуге ұсынуды жүктеді.

Алмат Ақышов әр жылдары туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасында, ауыл шаруашылығы министрлігінде жұмыс істеген. Жаңа әкім 1990 жылы дүниеге келген. 

Бұған дейін 2018 жылдан бері қала әкімі болған Жақсылық Омар өкілеттілік мерзімінің аяқталуына байланысты қызметтен кеткен еді. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жалған статистика: Миллиондаған тонна көкөніс, сүт, астық бәрі жоқ – Серік Егізбаев
31.03.2025ж. 10:48

Жалған статистика: Миллиондаған тонна көкөніс, сүт, астық бәрі жоқ – Серік Егізбаев

Құжатта 20 тонна ғана бар картопты, 2000 тонна деп жазып жіберіп отырған
Қазіргі заманғы қарулы қақтығыстар адам шығыны болмайтын, бірақ тиімділігі жоғары техникалардың алдыңғы қатарға шығуымен ерекшеленеді
Тараптар өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →