×

«Журналистерден қашып жүрген жоқпын». Досаев «жабық әкім» деп сынағандарға жауап берді

Журналист одан үнемі тілшілердің сұрағына неге жауап бермей кетіп қалатынын сұраған

«Журналистерден қашып жүрген жоқпын». Досаев «жабық әкім» деп сынағандарға жауап берді
Сурет: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өзін «жабық әкім» деп сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Тәуелсіздік күнінде Алматыда Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойдыңыз. Бірақ тілшілер сұрақ қойғысы келгенде тыңдамай кетіп қалдыңыз. Неге үнемі тілшілердің сауалына жауа бермейсіз?», – деп сұрады тілші.

Әкім тілшілерден қашпайтынын, ашық екенін айтты.

«16 желтоқсан әрбір қазақстандық үшін маңызды мереке. Бұл біздің Тәуелсіздік күніміз. Шынын айтқанда, гүл шоқтарын қойған соң, өз жұмысыма кетіп қалдым. Мен бірақ журналистерден қашып жүрген жоқпын. Осы жылы Алматыда халықпен 32 кездесу өткіздім. Одан бөлек іс-сапарлар бар. Журналистер қасымда жүр. Сұрақтарға ашықпыз. Баспасөз қызметім жұмыс істейді. Алматы әкімдігі жабық деп айта алмаймын», –  дейді Ерболат Досаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды
Бүгін, 01:47

Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды

Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды
Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.
Осылайша депутаттар екі айлық каникулға кетті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →