×

«Алматыда метроны салуға Қытайдан қарыз алынады»: Досаев депутат Толықбайдың сөзін жоққа шығарды

Қарыз сомасы 1 млрд долларға дейін болмақ

«Алматыда метроны салуға Қытайдан қарыз алынады»: Досаев депутат Толықбайдың сөзін жоққа шығарды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев метро құрылысы жайлы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Біз көтеріп жүрген мәселенің бірі – Алматының көліктік каркасы және экологиялық ахуалды жақсарту. Көліктік каркас негізіне ең бірінші кезекте, қоғамдық жылдам жүретін көлік енеді. Біз метроны дамыту, жеңіл рельсті көлікті дамыту туралы айтып отырмыз», –  дейді Досаев.

Алматы әкімі Үкіметпен бірге метроны екі бағытта салу үшін қарыз алу мәселесін пысықтап жатқанын мәлімдеді. Екі бағытта 19,5 шақырым метро жолын салу көзделген. Бүгінгі таңда осындай ірі жобаларға қызмет ету, ұстап тұру үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлінетіндей бюджет заңнамасына тиісті өзгертулерді енгізу көзделген. Әкімдік Мәжілістен қолдау тапқан.

«Біз кредиторлардың, AFC, Еуропалық қайту құру және даму банкі, Азия даму банкі, Эксимбанк сияқты халықаралық қаржы институттарының қарызын зерттеп жатырмыз. Қайсының қарызы арзан, соны қараймыз. Қарыз сомасы 1 млрд долларға дейін болады», –  дейді Досаев.

Қарыз халықаралық банктердің концорциумымен берілуі де мүмкін. Ерболат Досаев депутат Мақсат Толықбайдың «метроны салатын және қарыз алатын банк айқындалды» деген сөзін жоққа шығарды. Метроны кім салатыны да әлі айқындалмағанын айтты.

«Қазіргі технологиялар бұрынғы мәселелерді айналып өтуге көмектеседі. Бұрын 3,5 жыл салынуы керек болған метро 7 жыл салынған еді ғой. 2020 жылдан бері Қалқаманның 1,9 шақырымын әлі салып жатырмыз. Қазір әлемдегі тәжірибе бойынша метроны салу азырақ уақытты алады. Сондықтан технологиясы үздік компаниялармен жұмыс істейміз. Бұрынғыдай, метро құрылысын тағы 5-7 жылға созып, күте алмаймыз. 3-3,5 жылда салынады деп отырмыз», –  дейді Досаев.

Алматыда «Барлық» базарына дейін және әуежайға қарай жаңа метро желілерінің салынатыны туралы ақпарат көпті елең еткізген болатын. Оны салуға Қытайдан компания тартылғалы жатыр-мыс. Метроны салу үшін қарызды да Қытайдың Эксимбанкі бермек. Ал Қазақстанның метро салатын өз компаниясы тұрғанда Қытайдан қарыз алып, компаниясын тарту кімге керек болды? «Алматыметроқұрылыс» АҚ компаниясының басшысы, кәсіпкер Қайрат Реимов осы сұрақты билікке қояды? Қоғамды ойлануға шақырып отыр. Qaz365.kz тілшісі Реимовпен сөйлесіп, мәселе неде екенін түсінуге тырысқан болатын.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Журналист одан үнемі тілшілердің сұрағына неге жауап бермей кетіп қалатынын сұраған
Депутат заң жобасындағы "Түркістанның өз елтаңбасы болады" деген сөзді түсінбейтінін айтты
Парламентте «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасы қаралып жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →