×

«Закладчиктерге» берілетін жаза жеңілдейді. Сенат заңды мақұлдады

5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауаптылық көзделген

«Закладчиктерге» берілетін жаза жеңілдейді. Сенат заңды мақұлдады
Фото: polisia.kz

Бүгін Сенат «Кейбір заңнамалық актілерге есірткі, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Заң бойынша қылмысты ұйымдастырушылар үшін қамау мерзімін (өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін) ұлғайтады. Есесіне курьерлер үшін жазалар жеңілдікке байланысты қылмыстарға қатысқан жағдайда жеңілдетілетін болды.

Қылмыстық кодекстің 297-бабында есірткіні сату мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу үшін 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауаптылық көзделген. Бұрын бес жылдан он жылға дейін сотталатын. Ірі мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекеттер үшін 6 жылдан 10 жылға дейін (бұрын 6 жылдан 12 жылға дейін болған) бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылып отыр.

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов есірткі қылмысымен 49 жасөспірім ұсталды. Қылмыстық атқару жүйесінің мекемелерінде 9 жасөспірім қамауда отырғанын айтты.

Олар сотталғанға дейін есепте тұрмаған және ақша табу мақсатымен қылмыс жасаған. Алматыда ондай адамдарды ұстауға арналған жалғыз колониямыз бар. Оларға дәрістер оқылып, есірткіні қолданудың салдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстарға наркологтарды, психиатрлар мен үкіметтік емес ұйымдарды шақырамыз, — деді Әділов Сенат отырысында.

Ал лауазымды адам қызмет бабын пайдаланып жасаған дәл сол іс-әрекеттер үшін 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге (бұрын 10 жылдан 15 жылға дейін болған) бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауаптылық көзделген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
TikTok АҚШ аумағында қайта іске қосылатын болды
Бүгін, 10:01

TikTok АҚШ аумағында қайта іске қосылатын болды

Дональд Трамп мәселені түпкілікті шешу үшін компаниямен бірлескен кәсіпорын құрмақшы
Қордың баспасөз қызметінің мәліметінше, ол мұндай шешімді өз еркімен қабылдаған
Құрлықтағы ең ұзын осы шекараны бойлай 32 млн адам тұрады
Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа 20 жыл толды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →