×

Маңғыстаудың «халқы қиын» дегені менің де жаныма батады – Нұрдәулет Қилыбай

Маңғыстаудың «халқы қиын»  дегені менің де жаныма батады – Нұрдәулет Қилыбай
ОКҚ

Бүгін Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәжілісінде Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай «ереуілдер көп болатын өңірге әкім болу қиын ба?» деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 Бұл сұрақ өзіме жиі қойылады. Осы сауал қойылғанда «қанталап тұрған жерін пісіп алғандай» сезінемін. «Маңғыстаудың халқы қиын» дегені менің де жаныма батады. Маңғыстауға барып қонақжай халқын көріңіз. Бүкіл халық қиын деп айтуға келіспеймін. Маңғыстаудың халқы – қаймағы бұзылмаған, салт-дәстүрін сақтап отырған, қонақжай, қонақ келсе ішкен асын жерге қоятын халық. Қонақ шақырудан әлем чемпионаты болса, Маңғыстаудағы жеңгелеріңіз бас жүлдені ешкімге бермейтін сияқты. Сіз айтып отырған мәселе – қазекеңнің «бір құмалақ бір қазан майды бұзады» дейтін әңгімелер. Олай барша халыққа баға бермеулеріңізді сұраймын, – дейді әкім.

Ол «Маңғыстаулық» дегендердің қатарына Қашаған мен Есілдерден бастап Әбіш Кекілбаевқа дейінгі тұлғаларды тізіп шықты.

Бұрынғы жылдармен салыстырғанда биыл жағдай басқаша. Сіздің айтып отырғаныңыз – Жаңаөзендегі ереуіл шығар. «Өзенмұнайгазда» 10 мыңнан астам жұмысшы еңбек етеді. Оның 15 мыңында еңбек ететін мердігер мекемелер бар. Бәрін қосқанда 25 мың адам жұмыс істейді. Ереуілде тұрғаны – 300-400 азамат. Қазір бәрі шүкір, жұмыс беруші мен жұмысшылардың ортасында мәміле бар. Барлық азаматтар жұмыстарына шығып кетті. Жалпы, жоққа шығармаймын, айтып тұрғаныңыздың шындығы да бар. Жеке басым – Маңғыстауға әкім болу мен үшін бақыт. Ешқандай қиындық көріп тұрған жоқпын. Бәрі де өзіміздің ауылдың азаматтары. Бұйырса, бәрі жақсы болады деп сенемін. Соған келе жатыр, – дейді әкім.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
TikTok АҚШ аумағында қайта іске қосылатын болды
Бүгін, 10:01

TikTok АҚШ аумағында қайта іске қосылатын болды

Дональд Трамп мәселені түпкілікті шешу үшін компаниямен бірлескен кәсіпорын құрмақшы
Қордың баспасөз қызметінің мәліметінше, ол мұндай шешімді өз еркімен қабылдаған
Құрлықтағы ең ұзын осы шекараны бойлай 32 млн адам тұрады
Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа 20 жыл толды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →