×

Шырша безендіруге Семейде үш мектептің мұғалімдерін апарған. Басқарма басшысы қызметінен кетті

Шырша безендіруге Семейде үш мектептің мұғалімдерін апарған. Басқарма басшысы қызметінен кетті
pixabay.com

22 желтоқсанда Семейде қаласының шыршсын безендіру кезінде жергілікті мұғалім Қуат Айтқалиев құлап, жансақтау бөліміне түскен болатын. Осы жағдайдан кейін  Семей қаласының білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Arnapress порталының жазуынша, бұл туралы Абай облыстық білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев айтқан.

Қызметтік тергеу барысында қаланың үш мектебінің мұғалімдері жаңа жылдық шыршаны орнатуға тартылғаны анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша осы мектептердің директорлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылды. Мәселе облыс әкімі мен білім министрінің бақылауында, - дейді Нұржан Ахметқалиев.

Бұған дейін Семейде шыршаны безендіру кезінде мұғалім биіктіктен құлап зардап шеккенін жазғанбыз. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жағдайға байланысты пікір білдіріп, ұстаздарды міндетіне кірмейтін қызметке жұмсауға болмайтынын ескертті. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
Бүгін, 13:23

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Адам капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды.
Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды
Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →