×

Мұғалімі жансақтау бөліміне түскен Семейдің әкімі қызметінен кетті

Әкім қызметіне Нұрбол Нұрсағатовтың орнына Талғат Мұратов келді

Мұғалімі жансақтау бөліміне түскен Семейдің әкімі қызметінен кетті
Фото: Абай облысының әкімдігі

22 желтоқсанда шыршаны безендіру кезінде мұғалім биіктіктен құлап, жансақтау бөліміне түскеннен кейін Семей қаласының әкімі ауысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әкім қызметіне Нұрбол Нұрсағатовтың орнына Талғат Мұратов келді.

Талғат Мұратов 1972 жылы 28 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар. 2007 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын «Сарапшы-бағалау», 2015 жылы Қазақ инновациялық университетін «Құқықтану», ал 2018 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін «Техника және технологиялар» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Семей қаласындағы «Стройдеталь» компаниясының атқарушы директоры болып бастаған. Кейін «Семей Сельхозтехника» ЖШС-де экономист, «Комфорт-Экспресс» ЖШС директорының орынбасары, сондай-ақ «Тау-кен металлургия жабдықтарының конструкторлық бюросы» ЖШС филиалының директоры болып жұмыс істеген. 2012-2014 жылдары - «Шығыс Самғау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары. 2014 жылғы мамырдан қыркүйекке дейін - «АТФ Банк» акционерлік қоғамының Семей қаласы филиалының бөлшек сауда орталығы бөлімшесінің бастығы. 2014-2015 жылдары-Бесқарағай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы. 2016-2018 жылдары-Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы. 2018 жылдан 2022 жылға дейін – Жарма ауданы әкімінің орынбасары. Осы тағайындауға дейін Бесқарағай ауданының әкімі қызметін атқарған.

Бұған дейін Семейде шыршаны безендіру кезінде мұғалім биіктіктен құлап зардап шеккенін жазғанбыз. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жағдайға байланысты пікір білдіріп, ұстаздарды міндетіне кірмейтін қызметке жұмсауға болмайтынын ескертті. Сондай-ақ бүгін қалалық білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылды. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Құжатта 20 тонна ғана бар картопты, 2000 тонна деп жазып жіберіп отырған
Қазіргі заманғы қарулы қақтығыстар адам шығыны болмайтын, бірақ тиімділігі жоғары техникалардың алдыңғы қатарға шығуымен ерекшеленеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →