×

Халық ұшақты 8 сағат күтіп тұрғанда, Air Astana басшысы Фостер емін-еркін кофе ішіп отырды – Базарбек

Депутаттың сөзінше, Air Astana әуе парктері Ирландияда тіркелген

Халық ұшақты 8 сағат күтіп тұрғанда, Air Astana басшысы Фостер емін-еркін кофе ішіп отырды – Базарбек
Фото: Бақытжан Базарбек / facebook.com

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Air Astana компаниясына халықтың шағымы көбейіп кеткенін, оны өз көзімен көргенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жалпы, Air Astanaға мұңымыз жиналып қалыпты. Еділ Терекбайұлы Фостер мырзаға «шаңыраққа қараңыз» деп дұрыс айтты. Фостер мырза менің «досым». Бір рет кездестік. Шыны керек, айтқан сөзіңіздің жаны бар. Халық рейстен қалып, 8 сағат тұрды. Фостер мырза, сол халықтың жанынан өтіп кетті де, тоқтамай, лаудж-барға кіріп кетті. Сол лаундж-барда кофесін ішіп отырды. Мен де сол рейстің ішіндемін. Мен көтеріліп, астында халық күтіп отыр, кәне, түсіңіз дедім. Сонда ол түспейді, өзінің өкілдерін жіберіп қойған. Халықпен кездескісі келмейді. Міне, қарым-қатынас осындай. Тек мен депутаттық куәлігімді көрсеткеннен кейін ғана түсті. Неге? Себебі, Ұлыбританияда депутаттың мәртебесі жоғары. Мәселе сонда боп тұр», - деді ол.

Депутаттың сөзінше, Air Astana әуе парктері Ирландияда тіркелген. Осы орайда Конвенцияның 17 бабына сәйкес әуе кемелері қай мемлекетте тіркелсе, сол мемлекеттің компаниясы. Яғни, әуе кемелерінің 50 пайызы Ирландияда тіркелген.

«Сондықтан конвенция бойынша Air Astana – қазақстандық компания емес, ирландиялық компания. Біз бюджетті миллиардтаған қаржыны ирландиялық компанияға бөліп жатырмыз», - дейді депутат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
TikTok АҚШ аумағында қайта іске қосылатын болды
Бүгін, 10:01

TikTok АҚШ аумағында қайта іске қосылатын болды

Дональд Трамп мәселені түпкілікті шешу үшін компаниямен бірлескен кәсіпорын құрмақшы
Қордың баспасөз қызметінің мәліметінше, ол мұндай шешімді өз еркімен қабылдаған
Құрлықтағы ең ұзын осы шекараны бойлай 32 млн адам тұрады
Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа 20 жыл толды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →