×

Тоқаев Әзербайжан президентіне көңіл айтты

Ол суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді

Тоқаев Әзербайжан президентіне көңіл айтты
Ақорда

Мемлекет басшысы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевке Маңғыстау облысында Әзербайжанның әуе жолдары ұшағы апатқа ұшырап, экипаж мүшелері мен жолаушылардың қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Орны толмас ауыр қайғыға ортақтаса отырып, Сізге, қаза тапқан азаматтардың туған-туыстарына және барша Әзербайжан халқына көңіл айтамын. Менің тапсырмаммен Қазақстан Үкіметі мемлекеттік комиссия құрды. Комиссия құтқару операциясы аясында тиісті шаралар қабылдап, Әзербайжан тарапына қажетті көмек көрсетеді, - делінген жеделхатта.

25 желтоқсанда Ақтау әуежайының маңында ұшақ құлаған еді. Оқиға орнынан видео желілерде тараған. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ыстамбұлда Ресей мен Украина делегацияларының келіссөздері басталды
16.05.2025ж. 16:00

Ыстамбұлда Ресей мен Украина делегацияларының келіссөздері басталды

Келіссөздер Түркия президенті әкімшілігінің кеңсесінде өтіп жатыр.
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болу үшін үміткерлер 6 кезеңдік  іріктеуден өтуге тиіс
Президент Ормон хан мен Кенесары арасындағы қақтығыс жайлы да жазған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →