×

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Бектенов Тоқаевқа жағдайды баяндады

Әзербайжан Үкіметімен бірлесіп шетел азаматтары мен қаза тапқан жолаушылардың отбасыларына қажетті көмек көрсетілуде.

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Бектенов Тоқаевқа жағдайды баяндады
ТЖМ

Премьер-министр президентке Ақтау маңында болған ұшақ апатына байланысты ағымдағы жағдай туралы хабарлады, деп хабарлайды Qaz365.kz 

Мемлекет басшысына Үкіметтік комиссияның Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Аz Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау себептерін тексеру және зардап шеккендерге көмек көрсету жөнінде жүргізіп жатқан жұмысы туралы баяндалды.

Оқиға орнында зардап шеккендерге толық қолдау көрсету үшін шаралар қабылданды. Төтенше жағдайлар қызметі 430-дан астам қызметкер мен 80-ге жуық техниканы жұмылдырды. 29 адам ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендерге қажетті медициналық, психологиялық және басқа да көмек көрсетілуде. Апаттық-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Әзербайжан Үкіметімен бірлесіп шетел азаматтары мен қаза тапқан жолаушылардың отбасыларына қажетті көмек көрсетілуде.

Президент зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету жұмысын ерекше бақылауда ұстауды және көршілес елдердің үкіметтеріне қажетті жәрдем көрсетуді тапсырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ыстамбұлда Ресей мен Украина делегацияларының келіссөздері басталды
Кеше, 16:00

Ыстамбұлда Ресей мен Украина делегацияларының келіссөздері басталды

Келіссөздер Түркия президенті әкімшілігінің кеңсесінде өтіп жатыр.
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болу үшін үміткерлер 6 кезеңдік  іріктеуден өтуге тиіс
Президент Ормон хан мен Кенесары арасындағы қақтығыс жайлы да жазған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →